Тарбағатай тауынан тағы бір «Алтын адам» табылды – деп хабарлайды Алтай ньюс ақпарат көзі.
Алтай ньюс мәліметінше, Тарбағатай ауданына қарасты Елеке сазы аумағынан үш ай бойы жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде екі нысаннан алтын заттар табылған. Тарих ғылымдарының доқторы, Зейнолла Самашевтың сөзінше, табылған заттарды «Алтын адам» деген ұғымға сәйкес келетін ескерткіштердің бірі деп айтуға болады.
Қазіргі таңда Елеке сазы маңындағы тарихи нысандардан үш мыңға жуық зат табылған. Олардың барлығы б.з.д 8-7 ғасырларда өмір сүрген Сақ бекзадалары мен ханшайымдарына тиесілі бұйымдар болуы мүмкін.