NASA 2009 жылы «Хаббл» ғарыш бақылау телескобын жөндеуден өткізіп, бұрын түсіру мүмкін болмаған жұлдыздар тұмандықтарын суретке түсірді. Кең ғарыштан иненің жасуындай көрінетін жарықтардың шын мәніндегі алып бейнесі, адамдарды шексіз қиялға жетелейді. Тілсім ғарыш адамдарды өзінің сырын ашуға шақырып тұрады.
2009 жылы қайта жөндеуден өткеннен кейін «Хаббл» телескобы тапқан “NG6302” жұлдыздар тұмандығы сол кезде астрономия саласындағы айтулы жаңалық болып еді. Бұл жұлдыздар тұмандығының екі түрлі аты бар – «Насеком жұлдыздар тұмандығы» және «Көбелек жұлдыздар тұмандығы». Бұндай ат оның қанатын жайған көркем көбелекке ұқсап кеткен бейнесіне қарата қойылған.
Суреттегі Галактикалар «Стефан үштігі», кейде «Хиксон тобы 92» деп те аталады. «Хаббл» 2009 жылдан бергі тапқан бес үлкен жаңа Галактиканың үшеуі осы «Стефан үштігі».
АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы (NASA) және өзге де ғарыш зерттеу орталықтары болып әлемнен 10 миллиардқа жуық Галактикалардың барын тапты.
Антенна Галактикасы – NGC 6217. Бұл түзетілген Хабблдың ACS камерасы бірінші рет түсірген Галактика.
Хабблдың жұлдызды тұмандықты екі кеңістікте түсіргені. Алғашында бұл тұмандық Галактикалардың арғы бетінде тұрған бұлыңғыр тұман еді. Көп жыдар бойы телескопты осы тұмандыққа туралау арқылы ғалымдар тұмандықтың аса көркем көрнісін бес жыл бұрын ғана толық түсіре алды. Бұл тұмандық «Құрулы бағана» деген балама атпен танымал.
«Құрулы бағананың» толық бейнесі. Тұмандық арасынан «Нәресте жұлдыз шоғыры» анық көрінеді.
Бұл самаладай самсыған жұлдыздар шоғыры – бізге мәлім болған барлық Галактикалардың бейнесі. Бұлар біздің ғаламды құрайтын өлшемдері өте үлкен жұлдыздар шоғыры. Бізге мәлім Галактикалар бөлегін Метагалактика деп атайды. Формасының әр алуандығына қарай сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді Галактика болып төртке жіктеледі. Біздің жасап жатқан Галактикамыз – Құсжолы мен оған жақын 15 жұлдыздар шоғыры қосылып, жергілікті Галактикалар деп аталады.
Дайындаған: Қолтуған ТӘҢІРЖАР
“The Qazaq Times”