1904 жылы Париждегі Бато-Лавр студиясына келіп ол сурет моделі өмірдегі алғашқы әйелі Фернандо Оливьемен танысып онымен некелеседі. Ол Пикассо туралы « Аласа бойлы, қарторы, арықтау келген қатыгез, сабырлы, әрі тік мінезді өткір көк көзді болатын...», деп естелік қалдырады. Ал суретшінің испандық қызу қандылыққа тән қырсық-қыңыр мінезі, бойжеткендерді өзіне бірден баурап алатын. Сол тік мінезі үшін де әйелдер қауымы оны көзсіз ерекеше жақсы көре білді. Мұндағы оның 19 жасында өзінің автопортретіне салған суреттінің үстіндегі қара бояумен «мен корольмін» деп қалдырған асқан тәкәппарлығының өзі және әйелдер туралы, сөзінде «әйел затының екі түрі болады, бірі періште болса, екіншісі мен үшін аяқтың кірін тазалайтын сүртікіш» деген еді. Онымен некелі болған әйелдердің барлығына дерлік оның өткір қатыгез мінезіне бола шексіз күйзеліске ұшырап, тіпті есінен алжасып, өз-өздеріне қол жұмасғандарда болатын. Сонымен бірге оған таласып бір-біріне жұдырық ала жүгірген әйелдеріне сүйсіне қарап тұрған бейнесінің өзі өр көкіректігіне толық дәлел бола алатыны анық.
Пикассоның алғашқы сүйіп қосылған әйелдерінің бірі, Париждегі француздық сурет моделі жоғарыда аталған Фернанда Оливье болды. Сол кездегі Пикассоның жасы небәрі 18 де болса, Фернандо 23 жаста болатын. Суретші мен модель арасындағы шығармашылық байланыс, олардың махаббатасыуына толық себеп болған еді. Және Пикассоның ізденіс жолындағы қайталанбас туындылардың бірі «Авиньон бикештерін» де сол кездің өзінде, өз әйелінің образы мен өзіне тән қолтаңбасымен тудырған болатын.
Дегенмен, екеуінің арасындағы отбасылық тұрмыстың нашарлығы, тіптен қаражаттың жеткілісіздігінен жейтін азықтарын ұрлап күн көруі, және әйелінің оның шығармашылығына деген селқостығы мен үмітсіздігі, күн өткен сайын отбасылық түсінбеушіліктердің жанжалына әкеліп соқтырып, арадағы он жылдық некеден кейін, бірі-бірін тастап екеуара кетіп қалуына толық себеп болды.
Пикассоның екінші шынайы сүйіп қосылған әйелдерінің бірі, биші балерина ұлты орыс Ольга Хохолова болатын. Екеуінің арадағы таныстығы 1917 жылы Шатле театрнда болған «Парад» балетінің примерасында басталады. (Ол кезде Пикассо аталған театрдың киімдер жөніндегі көркемдеуге жауапты қызыметкер болып істейтін.)
Бұлардың арасындағы таныстықтың қимас ғашықтық пен жалғасуы, оны өзінің отаны Испанияға алып кетіп қалуы және отбасымен, анасымен таныстыруы, бұлардың 1918 жылы үйленулеріне толық негіз болатын. Бірақ өзі шетелдік және биші орыс қызы Пикассоның анасының көңілінен еш шыға қоймайды. Расында анасы айтқандай-ақ Ольганың ақшаға деген ысырапшылдығы, жөнсіз талап қойғыштығы мен шығармашлық еркіндігіне кедергі келтіруі жұбайлар арасындағы жағыдайды тіптен шиеленістіріп жібереді. 1921 жылы ақпанда Пауло есімді ұлының дүниеге келгенінен кейінгі арадағы түсінбеушліктің кесірінен болған жанжалдардың жиілеуі, ерлі-зайыптылдардың арасын мүлдем алшақтатып жібереді. Осыдан кейінгі отбасылық ұрыстардан әбден қажыған Пикассо, жағымысыз бейнедегі ашу шақырған Ольганың бейнесін, сурет қылып салып оны тіптен көбейтіп кубизмдегі өнерін жайбырақат жалғастыра береді.
Пикассоның екінші шынайы сүйіп қосылған әйелдерінің бірі, биші Ольга Хохолова.
Ол өмірнің соңына дейін өзінің биші әйелнің бейнесін суретші көзімен болшаққа мәңгілік сол ұсқынсыз қалпында ел есінде қалдырды.Тіпті істің одан әрі насырға шабуына түрткі болған негізгі оқиға 1927 жылы 46 жасында 17 жасар жас қыз Мария Тереза Вальтерге ғашық болып, өзінің еш ескертусіз кетіп қалып, заңды әйелінен ажыраспай тұрып Терезаның жүкті болып қалуы, Ольгаға тіптен ауыр соққы болып тиеді. Қолынан ештеңе келмегенен кейін ол 1955 жылы жалғыздықта қасіреттен жазылмас рак ауыруына шалдығып қайтыс болады. Мойнынан ауыр салмақ түскендей тынысын терең алған Пикассо, тіпті оның жаназасына барудан да бастартады. Осылай екінші әйелімен болған махаббаты да сәтсіз тәмәмдалады.
Пикассоның әйелі Олганы бейнелеген суреті
Отбаслық ұрыстардан әбден қажыған Пикассо, жағымысыз бейнедегі ашу шақырған Ольганың бейнесін, осылайша бейнеледі.
Мари-Терез бен Пикассо арасында болған махаббат, шығармашлық кеңістігіне өзгеше серпін силайды. Оның өнердегі алдағы қадамы, жұмыстарының өзгеше реңдер стилімен дараланып, оның өзінің қызы дүниеге келгенге дейін, өз шедеврлерінің биігіндегі шығармашлық табыстарға қол жеткізді.
Бірақ Пикассо қызы дүниеге келгеннен кейін Мариға деген сезімі тез суып, және өзіне тағы бір махаббат яғни 29 жасар суретші Дора Маар атты бойжеткенге ғашық болып қалады. Ал Пикассо болса орлардың осы талабы орындалуы үшін бір-бірімен күресу керек екенін айтып қылжақ қылғандай қарап тұрады.
Көп ұзамай бұл оқиға белгілі болған соң, Дора мен Мари-Тереза Пикассоның шеберханасында кездейсоқ кездесіп қалады. Бұл суретшінің атақты «герника» суретнің жазылу үсітіндегі кез болатын. Қатты ашуланған әйелдер оған өздерінің бірін таңдауын және сол әйелімен мәңгілік бірге болуын талап етеді.
Осыдан соң әйелдерінің бір-біріне жұдырық ала жөнелген төбелес басталып та кетеді. Осының бәріне куә болып отырған суретші әйелдеріне өзінің өміріндегі ең жарқын оқиға болғанын айтып мәз болады. Бұдан кейін аз уақыттан соң Мари-Тереза көп ұзамай асылып өледі.
Пикассоға деген құмарлық, Дораның өміріне толықтай үлкен ауыр соққы болып тиеді. Қатты күйзелістен Париждегі әулие Анна атындағы психиатрлық ауыруларды емдейтін ауруханаға түсіп, осындағы емдеудің ауыр түрі басына тоқ соқтырып жазу секілді ауыр азаптарды басынан кешіреді. Бұл жағыдайдан кейінгі Дораның өмірі тіптен ауырлай түседі. Ауыруханадан шыққан соң өз-өзінен оңашаланып париждегі Гран-Огюстен көшесінің маңындағы пәтерде астрономия мен мистикамен айналысып шығармашалығындағы стилін тамырымен түбегейлі өзгертеді.
Люберондағы табиғат көрінісі мен Сена теңізінің пейзаждарын жазып, өнерін қайта жалғастыруға барынша күш салады. Тіптен жақын достары оның жазған барлық жұмыстарын Лондонда көрме ұйымдастырып бергенмен де Дораның өзі оған қатысудан бас тартады және көрме де еш елеусіз өтеді. Ол 1997 жылы 90 жасында аштық пен жалғыздықтың уысында, бақытсыздықтан дүние салады. Арада бірнеше жыл өткен соң оның атақты «боздаған әйел» атты портреті аукционда 37 милион франкке сатылып, тағдыры махаббаттан қасірет тапқан француз әйелдердің мәңгілік символына айналады.
Пикассо Дораны да тез ұмытады. Ол небәрі 21- жасар уыздай жас қыз Француаза Жило мен ресторанда кездесіп қалады да, оны шеберханасына шақырып жиі-жиі кездесе бастайды. Бір қызығы Пикассо оны өз үйіне ванна қабылдауға шақырады. Анығырақ айтар болсақ сол кезрде ыстық су Парижде тым тапшы болған көірінеді. Ол тек танымал адармдардың ғана үйінде болған деседі.
Пикассо Француазаға басқаларға жасағандай өз әмірін қалауынша жүргізе алмады. Ол өз ғұмырында кездескен әйелдердің ішіндегі жалғыз, өзіне қол жұмсамаған, жынданбаған, өзіне сенімді, өмірін ойрандауға еш мүмкіндік бермеген тіпті кейіндеп Пикассоның өзін еркімен тастап кете алған ерекеше әйел болатын. Пикассо оны сол үшін шексіз сүйді, шығармашлығына да жаңаша шабыт сыйлап теңіз жағасында, және өзгеде саяхттар жасап көңілді сәттерді басынан кешіреді. Оған өз құрсағынан екі бала сыйлап, оларға Пикассоның тегін береді, ол отбасылық бақыттың шын мәніндегі құдіретін және оған ештеңенің жетпейтінін сездіре білді.
(пикассоның балалары Клод және Палома)
Бірақ кейіндеп оның махаббатқа тұрақсыздығын сезе бастаған соң арадағы қатынасын үзіп, 1953 жылы балаларын алып кетіп қалады. Алдағы өмірін бай және бақытты оқиғаларға толы етіп өткізеді. Ол кейінгі уақыттарда Пикассо туралы «Менің Пикассо мен өмірім» атты кітап жазып сол кітаптың желісімен кейін кино да түсіріледі. Осы кітап арқылы оның аты әлемге танымалыққа ие болады.
(Жаклин Рок) Пикассоның соңғы өміріндегі әйелі Жаклин Рок болатын,олар 1961 жылы үйленеді. Олардың отбасылық өміріде жараспаған деген пікір бар. Пикассо өмірінің соңғы он жылында да үздіксіз шаршамай, жұмыс жасайды. көп ұзамай 1973 жылы 91 жасында дүние салады, ол өмірінің соңында адамдар арасында оңашаланып, түгелге жуық жұмыстарын Барселонадағы ашылған өзінің мұражайына табыстаған.
Оның аты әлемде аңызға айналып жеке өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мақалалар жазылып, көрмелер мен кинолар және кітаптар жарыққа шыққан. Оның денесі 1958-1961 жылдар аралығында тұрып жұмыс жасаған ескі үйі Вовенаргқа қойылады.
Дайындаған: Түргенбұлақ
“The Qazaq Times”