Қытайлық хакерлер коронавирустық вакцинаны жасаумен айналысатын испан орталықтарының екпеге қатысты құпия деректерін қолды еткен. Қытай тарапынан жасалған кибершабуыл жайлы испандық El Pais газеті хабарлады.
Басылымның жазуынша, Ұлттық барлау орталығының директоры Пас Эстебан елдегі оқшаулау режимі кезінде хакерлік шабуылдардың көбейгенін айтты.Барлау басшысы: «Денсаулық сақтау және фармацевтика салаларында мәліметтерді ұрлау артты. Бұл мәселемен Испания ғана емес, Сovid-19 вирусына қарсы вакцина өндіретін барлық зертханалар ұшырасуы ғажап емес», – дейді. Испан билігі бұл кибершабуылдың Қытайдан жасалғанын ресми түрде жария етті.
Әзірге дереккөздер қандай ақпараттың ұрланғанын нақтылаған жоқ. Испанияның ғылыми зерттеулер жөніндегі Жоғарғы Кеңесінің өкілі агенттіктегі мәліметтер алдағы күндері белгілі болады дейді. Дегенмен вакцина шығаратын басқа үш орталықта да кибершабуылдар туралы ақпарат жоқ.
Қазір Испанияда коронавирус екпесіне қатысты ондаған жоба бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта әлемде коронавирусқа қарсы 180-ге жуық вакцина әзірленіп жатыр, олардың 35-і сынақтан өткен.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел