Бүгінде пандемия салдарынан Қазақстанда жұмыс орындары уақытша жабылып, қалаларға карантин режимі енгізілді. Аталмыш індеттің зардабын біз ғана емес, дүниежүзі елдерінің түгелге жуығы тартып отыр. Еуропалық Одақтың болжамына сүйенсек, коронавирус дертінен әлем бойынша 25 миллиондай адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Ал, мамандар бұл екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған дағдарысқа әкеп соқтыруы ықтимал екенін айтады, деп жазады BBC басылымы.
Испанияда карантин басталғалы бері 900 мыңға жуық адам жұмысынан айырылған
Статистика бойынша, Испаниядағы карантин басталғалы бері 898,822 адам жұмысын айырылған. Оның 550 мыңы уақытша жұмыс істегендер. Ресми жұмыссыздық көрсеткіші 3,5 миллионға дейін өскен. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2017 жылғы сәуірде тіркелген. Еңбек министрлігінің айтуынша, әсіресе туризм мен құрылыс саласы қатты соққы алып отыр.
Қазір Испания маңызды іс-шаралардан басқасының бәріне тыйым салды, сондай-ақ наурыз айының ортасынан бастап көптеген кәсіпорын да жұмысын тоқтатты. Нақты статистика Испанияның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 10, 003 адам коронавирустан қайтыс болған. Оның 950-і соңғы 24 сағат ішінде тіркелген. Ал, сәрсенбіде жұқтырғандар саны 102,136 адамнан 110,238 адамға жетті. Өткен күндермен салыстырғанда ауырғандар саны 8 пайызға өсіп, қазір вирустың таралуы өршіп тұр, жақын күндерде төмендейді деп күтілуде.
АҚШ-та жұмыссыздық салдарынан жәрдемақы алуға 6,6 млн адамнан өтініш түскен
АҚШ-та өткен аптада жұмыссыздық салдарынан жәрдемақы алуға жаңа өтінімдер саны 6,65 млн-ға жеткен, елдің Еңбек министрлігінің айтуынша, бұл алдыңғы аптадағыдан екі есе көп. Бұл көрсеткіштер сарапшылардың болжамынан да асып түскен. Мамандардың сөзінше, елдегі көп штатта енгізілген карантинге байланысты кәсіпорындар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан жұмыссыздық деңгейі артып, елдегі жұмыссыздардың саны 20 миллионға дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұл жұмыс күшінің 15 пайызы. Бұл тіпті, 1930 жылдардағы үлкен дағдарыс кезеңіндегі көрсеткіштен де жоғары.
Қазір АҚШ-та 5 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болды, ішінде алты апталық сәби де бар. Соңғы бір күнде АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 25 000-нан асты. Жалпы 240 мыңнан астам азамат коронавирустың құрбаны болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Ең көп зардап шеккен қала – Нью-Йорк. Қаладағы сынақ тапсырғандардың 47,500-і оң нәтиже көрсетіп, 1300-ден астам адам қайтыс болды. Сондай-ақ, Детройт пен Жаңа Орлеан сияқты қалаларда да жұқтырғандар саны артуда. Ал Флорида, Джорджия және Миссисиппи штаттары карантин енгізу туралы шешімді ең соңғы болып қабылдады. Ел тұрғындарының 75 пайыздан астамына үйден шықпауға бұйрық берілген.
Италияда өнеркәсіп өндірісі 15 пайызға дейін төмендеуі мүмкін
Италия әлемде қайтыс болғандар саны жағынан ең жоғары көрсеткішке ие. Жаңа мәліметтер бойынша 13 915 адамның көз жұмған. Соңғы мілңметтер бойынша 24 сағат ішінде бұл 760-қа артқан. Ал вирусты жаңадан жұқтырған 2 477 адам тіркеліп, жұқтырғанардың жалпы саны 83 049-ға жетті.
Италия вирустың алдын-алу бойынша қатаң шаралар қабылдаған батыстағы бірінші мемлекет. Ел үкіметі вирус салдарының экономикаға қатты соққы болатынын ескерткен еді. Италияның басты бизнес қауымдастығы өнеркәсіп өндірісі жылдың екінші тоқсанында 15 пайызға дейін төмендеуі мүмкін екенін жеткізді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2009 жылғы дағдарыс кезінде болыпты.
Ресейде ел президенті Владимир Путин карантиннің уақытын сәуірдің соңына дейін ұзартты. Бельгияда вирус жұқтырып қайтыс болғандар саны 1000-нан асса, Иранда 3100-ден астам адам қайтыс болғаны ресми түрде жарияланып отыр.
Филиппин президенті Родриго Дутерте азаматтар шектеулерге байланысты қиындықтар туғызған жағдайда оларды атып өлтіруге болатынын ескертті. Сонымен қатар, полиция мен әскери қызметкерлердің өміріне қауіп төнген жағдайда да олардың атуға құқылы екенін айтты.
Ал Қытайдың Шынжын қаласы аурудың таралуынан мысық пен итті жеуге тыйым салды. Канада премьер-министрі Джастин Трюдо ел тарихындағы ең ірі экономикалық бағдарлама жасауға уәде етті.
Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны миллионнан асты. Әлем бойынша 50 200-ден астам өлім тіркеліп, оның 204 мыңнан астамы сауығып кеткен.