АҚШ-Қытай арасындағы экономикалық шиеленістердің артуына байланысты Қытай басшысы екі ел арасындағы жағдайды ретке салу міндетін Уаң Чижанға жүктеген. Қытай үкіметі лауазымдыларының сөзінше, Уаң Чишан Ши Жинпиңның сенімді жақтастарының бірі және бұған дейін елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Ши Жинпиңнің сеніміне ие болған кадры.
Зейнет жасына жеткен Уаң Чишан былтыр қазан айында ҚКП-дағы жоғары лауазымды қызметінен шегінген. Дереккөздердің айтуынша, Ши Жинпиң сенімді адамы Уаң Чишанға өзге де жауапты қызмет орындарын дайындап қойған, айталық өзінің орынбасары етуді де көздеген.
Соңғы бірнеше айда Уаң Чишан АҚШ-тың қаржы министрі Хенри Паулсон (Henry Paulson) және өзге де ірі кәсіпкерлермен кездескен. Уаң Чишан кездескен бұл адамдар оның жиырма жылдан астам үлкен саясат сахнасында танысып, қарым-қатынас орнатқан адамдары. Оның көмекшілерінің бірі, Уаң Чишан ҚКП-дағы лауазымды қызметінен кетуден бұрын Қытайға сапарлай келген америкалық «көне досымен» кездескен. Бұл адам АҚШ үкіметінің экономикаға жауапты өкілдерінің бірі. Уаң Чишан одан Трамптың саясаты туралы бірқатар мәселелерді егжей-тегжейлі ұғысқан.
Қытайдың жоғары лауазымдыларының пікіріне сенсек, Уаң Чишан бұған дейін де ең күрделі әрі қиын мәселелерле суырылып шығып, өзінің іскерлігімен көзге түскен, тәжрибелі саясаткер. Оның қазіргі Қытай билігіндегі орны мен ықпалы да жоғары. Қытайлық саясаткерлер оны «өрт сөндіруші» деп атасады. Сонымен бірге Қытай лауазымдылары Уаң Чишанның АҚШ-пен қайшылықты реттеуде өзіндік тәжірибесі бар деп қарайды. Сондай-ақ, ҚХР төрағасының орынбасары тек символдық атақ қана, ол бұл лауазымы арқылы сыртқы істерге кедергісіз араласа алады.
Өткен ғасырдың 90 жылдары Уаң Чишан АҚШ-тағы ең ықпалды адамдармен байланыс орнату арқылы, сол кездегі Қытайдың ең үлкен экономикалық қиыншылығын шешуге үлкен үлес қосқан. Ал содан он жылдан кейін Қытайдың сауда өкілі ретінде АҚШ қаржы министрі Тимоти Гейнермен (Timothy Geithner) бетпе-бет келген. Қытай үкіметі соңғы жылдары еліне сапарлай келген АҚШ лауазымдыларын міндетті түрде Уаң Чишанмен кездестіріп отырған.
Трамп үкіметі қайшылықты реттеу үшін Қытай тарабы екі ел қатынасына саяси өзгерістер енгізуі керек деп санайды. АҚШ лауазымдыларының айтуынша, осыған дейін АҚШ үкіметі екі ел қарым-қатынасының орнықтылығы үшін Қытай үкіметінің айтқандарына бәріне сеніп келген. Ал, былтыр күзде АҚШ-Қытай үкімет басшыларының жоғары кездесу отырысы кезінде, АҚШ қатаң позиция ұстанып, екі жақ ортақ мәмілеге келісе алмаған. Қазір АҚШ-Қытай арасындағы басты қайшылық сауда қарым-қатынасында ортақ ұстанымға келе алмауы. Әрі екі үкімет те бір-біріне жол бергісі жоқ.
АҚШ қаржы министрі Давид Малпас (David Malpass) бұл туралы тараптар қайтадан келісім-шарт жөнінде тіл табыса алады, дегенмен, Қытайдың сауда саясаты және үкіметке қарасты кәсіпорындарына басымдық беруі АҚШ-тың әлі де алаңдатып отырғанын айтады.