АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше күннен кейін Қытай басшысы Ши Жинпиңмен (Си Цзиньпин) екінші мәрте кездеспек. Әзірге дейін Қытай үкіметі екі ел басшыларының алғашқы кездесу келісімдерінің бұзылып отырғанын айыптап отыр. Бұл туралы АҚШ-тың «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.

Соңғы кездегі АҚШ-тың Тайуанға (Тайвань) қару сатып беруі, Қытайдың Солтүстік Кореяға байланысты компаниялары мен банктеріне жасалған біржақты санкциялар екі ел арасындағы қарым-қатынасты салқындатып жіберген болатын.

Қытай СІМ-нің мәлімдемешісі Лу Каң (Lu Kang) сөзінде, Қытай жақтың АҚШ-қа Тайваньға сатылатын құны 1 млрд 420 млн доллар тұратын қару-жарақ ісі туарлы кеңесу талабын жолдаған. Дегенмен, Ши Жинпиң Германияның Гамбург қаласындағы Жиырмалық тобының (Group of 20) саммитінде екіжақты кездесу отырысын өткізбек.

Лу Каң АҚШ-тың біржақты санкциялары мен Тайваньға қару-жарақ сатуы «мүлде теріс амал» деп көрсетті. Ол сөзінде: «АҚШ үкіметінің бұл әрекеті екі ел басшыларының сәуір айында Флоридадағы Мар-а-Лаго саяжайында қол жеткізген прогреске сай келмейді. Біз АҚШ үкіметі өзінің қателігін түзетеді деп үміттенеміз. Бұл болашақтағы тұрақты әрі баянды АҚШ-Қытай қарым-қатынасының маңызды бір кезеңі», – деді.

“The Qazaq Times”