АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Латын Америкасына жасайтын сапарынан бұрын, бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, Қытай мен Ресейді Латын Америкасындағы жаңа импералистік державалар деп айыптады. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

Рекс Тиллерсон аталған пікірді Техас университетінің (University of Texas) студенттерімен кездескен кезінде айтқан. Ол сөзінде: «Латын Америкасы тек өз халқының ғана мүддесін көздейтін жаңа импералистік державаларға мұқтаж емес», – деген. Сөзінде Қытайдың әділетсіз сауда әрекеттерін алға тарта отырып, көбірек сынға алды.

Тиллерсонның айтуынша, Қытайдың көмегіне қол жеткізу үшін қашанда ақы төлеуге тура келеді, әдетте бұл ақы Қытайдың мемлекет басқаратын кәсіпорындарының инвестициясын қабылдаумен есептеледі. Олардың инвестициясымен бірге қытайлық жұмыс күшін де қабылдау керек. Оның сыртында, ауыр несие мен борыштары тағы бар.

Тиллерсон Қытайдың сауда моделі көбінесе өз экономикасын тамақтандыруға және ресурстарды алуды көздеп,  жергілікті заңдар мен адам құқықтарын елеусіз қалдыратынын қадай айтты. Ол және Қытайдың қазіргі кезде Аргентина, Бразилия, Чили, Перу елдерінің ең ірі сауда әріптесі екенін де алға тартты. Кезекті Латын Америка сапарында Тиллерсон Мексика, Ямайка, Колумбия, Аргентина және Перу елдеріне барады.

Құрама Штат мемлекет хатшысының сөзіне қарағанда, Қытайдың әділетсіз сауда әрекеттері сауданы айтарлықтай жеделдеткенімен, сол елдердегі өңдеу өнеркәсібіне зиян келтіріп, жұмыссыздардың санын көбейтіп, жалақыны арзандатып жіберген.

Ресейді де қатаң сынға алған Тиллерсон, Мәскеудің әлемге ықпалын күшейте түсуді көздеп отырғанын ескертті. Ол және Ресейдің демократиялық құндылықтарды құрметтемегенін, оған қоса қару-жарақтарды бейресми режимдерге қару жарақ сатқанын айыптады.

The Wall Street Journal басылымының айтуынша,  Ресей мен Қытай шенеуніктері Тиллерсонның сөзі жөнінде пікір білдіруден бас тартқан.

 “The Qazaq Times”