2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аса жиі жол беретін құқық бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді. Бұл туралы банктің ресми сайтында жазылды.
Есепті кезеңде анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 3 банкке айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде санкциялар қолданылса, 11 банкке қатысты 14 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 12 жазбаша
ұйығарым және 2 жазбаша ескерту қолданылды.
Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша есепті кезеңде құқық бұзушылықтар:
- жеке тұлғаның банк шотындағы ақша сомасының және банк шотына түскен
соманың 50%-ы шегіндегі төлем талаптарын орындау кезінде банктің шектеулерді сақтамауында;
- банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде қарыз алушының сұратуы
бойынша ақпарат ұсыну мерзімдерінде;
- берілген кредит жөніндегі құжаттаманы жүргізудің Кредиттеу жөніндегі
құжаттаманы жүргізу ережесінде көзделген тәртіпте;
- қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейінен асып кеткен кезде банктің тұтынушылық қарызды заңсыз беруінде көрініс тапқан.
Сондай-ақ:
- банктің клиенттің банктік шотына негізсіз тыйым салуда;
- кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер беруде;
- заңнаманың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына
қойылатын талаптарын банк бөлімшелерінің ішкі қағидалар мен рәсімдер талаптарының орындалуын сақтауды тиісті түрде бақылаудың болмауы бөлігінде банктің сақтамауында;
- құжаттамалық тексеру шеңберінде банктердің Ұлттық Банк сұратқан құжаттар мен түсіндірмелерді бермеуінде, сондай-ақ уақтылы бермеуінде
құқық ұзушылықтарға жол берілген.