2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қаржы министрлігінің «2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасына байланысты айыппұл, салық және басқа да төлемдері өсті.
АЕК мөлшерінің артуына байланысты көлік жүргізушілерінің шығыны да көбейеді. Жұрт арасында шуға айналған утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесінің артуымен бірге жол ережесін бұзғандардың да төлемдері артқан.
Енді жылдамдықты сағатына 10-20 километрден асырғаны үшін салынатын айыппұл 14 мың 585 теңгеден 15 мың 315 теңгеге, 40 километрге дейін немесе одан жоғары жылдамдық үшін 58 мың 340 теңгенің орнына 61 мың 260 теңге төлейтін болды.
Ал тізгінде отырып ұялы телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілер енді 14 585 теңге емес, 15 мың 315 теңге төлесе Зиянды шығарындылар нормасын асырғаны үшін айыппұл 5 мың 834 теңгеден 6 мың 126 теңгеге, қауіпсіздік белдігін тақпағаны немесе көлікті дұрыс қоймағаны үшін 15 315 теңге міндеттелді.
Осы секілді тағы бір қатар жол ережесін бұзудың төлемдері өсті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді