Адамзат өткен тарихының іздері тек қана жер бетінде қалып қойған жоқ. Жер планетасының көлдері мен теңіздерінің түбінде де адамзат іздері сақталып жатыр. Суасты зерттеулерінің дамуына орай мұндай құнды деректер көптеп табылуда. Қазірге дейін белгілі болған төріт үлкен "суасты өркениет" бар. Зерттеу бойынша олар өте ертеде болған қатты жер сілкінісі немесе басқада табиғи апаттардан суға батқан делінеді.

Көне Мысыр. Александрия суасты қаласы.

Суастындағы Алкесандрия. Фото: Pinterest

Египет суасты қаласы – Клеопатра патшалығының қираған ордасы. Мөлшермен, осыдан 1500 жыл ілгері болған бір реткі күшті жер сілкінісінің себебінен су астында қалған. Онда жыл санаудан бұрынғы көне құралдар, мүсіндер және көне Мысыр дәуіріне жататын құрлыстары табылды. Бұл бүгінгі таңда Александрия қаласы маңындағы тамаша суасты туристік орталығына айналған.

Үндістанның Самбай шығанағындағы «Алтын сарай»

Самбай шығанағындағы "Алтын сарай" Фото: Ranker

Бірнеше жыл бұрын ғалымдар Үнді теңізінен осыдан 9500 жыл бұрынғы суасты қала қорғанын тапқан. Бұл суасты жұмбақ қала қорғанынан бір үлкен қаланың толық құрлысы және көптеген адам сүйектері мен заттар табылған. Нақтырақ айтқанда Үндістан Самбай шығанағы аумағына жасалған барлық ғылыми зерттеу нәтижесі бұл суасты қаласының 5000 жыл бұрын суға батқанын және одан 4500 жылдай ілгері салынған құрлыс екенін анықтады. Осыдан кейін ғалымдар адамзат тарихының басталуын бес мың жылдан қайыратын теориялардың жарамсыздығына сенді.Зерттеушілер бұл суасты қаласын «Дуарка» немесе «Алтын сарай» деп атауды жөн көрді.

Жапон. Йонагуни аралы маңындағы суасты перамидасы

Жапония суасты перамидасы. Фото: Kanal3.bg

20 жыл бұрын адамдар Жапонияның Йонагуни аралы маңынан ғажайып суасты қаласын байқады. Ғалымдар зерттей келе бұл ежелгі жапон өркениетіне жатпайтынын, жапон өркениеті қалыптасудан көп бұрын пайда болып, із-тозсыз кеткен бұрынғы өркениет ізі деген қортынды шығарған. Бұл суасты перамидалары әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Зерттеушілер оның жасалу техникасын әлі күнге тап басып таба алмай отыр.

 

Куба. Гавана тас қирандылары

Куба Гавана. Фото: Ancient Code

Бір реткі шағын ғылыми зерттеу группасы Кубаның Юкатан бұғазы түбіне ғылыми зерттеу жасап жүргенде белгісіз тас қирандыларына кез болады. Олар бұл тас қирандыларының алыстан қарағанда алып қала құрлысына ұқсайтынын байқаған. Бұл суасты қаласы теңіз түбінде бірнеше ағылшын миль аумақты алып жатыр. Суасты қаласына зерттеу алып барған көптеген ғалымдар, бұл қиранды Латын Америкасындағы бізге мәлім болмаған өркениеттікі болуы мүмкін дейді. Олардың айтуынша бұл беймәлім өркениет құрлыс техникасын биік деңгейде дамытқан.

Ең ғажабы осы суасты өркениет іздерінің көбі бізге тарихтан белгілі өркениет ошақтарыныкі емес. Біз білетін Көне Мысыр, Грек, Рим, Қытай көне өркениеттердің өзі бұл суасты қалаларынан әлде қайда жас болып саналмақ. Суасты өркениет іздерін зерттеу адамдар санасындағы тарихтың ауанын кеңейтті. Біздің есте жоқ, ескі замандарда қап кеткен тарихымыздан сыр жасырып, су астында үнсіз жатыр.

Естай Божан

"The Qazaq Times"