Орал федералды университетінің (УрФУ) климат және қоршаған орта физикалық Лабороторияның ғалымдары РАН, Франция, Германия және Жапонияның ғалымдарымен бірлесе зерттей отырып, алдағы 50 жылда Ресейдің 8 аймағы түгелімен су астында қалады деп қорытындылаған. Бұл туралы Rosbalt агенттігі хабарлайды.
Климатологтардың айтуынша, қауіпті аймақтардың қатарында – Қиыр Солтүстіктегі аймақтар: Архангельск пен Мурманск, Ямалдық-Ненецтік, Красноярск, Якутия мен Коми Республикасы.
«Әртүрлі халықаралық станциялардың мониторинг деректері бойынша, Арктикадағы температура соңғы 50 жылда айтарлықтай өзгерген. Мысалы, бұрынырақта -10 градус, 2015 жылы -5 градус төмен болған. Егер осылай көтеріле беріп, +1 градусқа жетер болса мұздықтар еріп, 50 жылдан кейін барлығы құрып кетуі мүмкін», – дейді УрФУ-дың климат және қоршаған орта физикалық Лабороториясының ғалымы Вячеслав Захаров. Ғалымның айтуынша, Солтүстік Сібірдегі мұздықтар әлсіз әрі ендері өте жіңішке. «Ямалдың барлық қалалары су астында қалады: Салехард, Новый Уренгой, Лабытнанги. Сәйкесінше, мұнай-газ өндіретін инфраструктура құриды», – деп сөзін жалғастырды ғалым.
Мұздықтар ерісе, Жер бетінде көмірқышқыл газының концентрациясы көбейеді. Ол әлемдегі мұхиттарға барып қосылатын болады – онда Жердің атмосферасына қарағанда, газдар 100 есе көп сақталынады. Оның үстіне газ ғаламдық жылыну салдарынан құрып бара жатқан батпақтардың қайта қалпына келтірілуіне көмектеседі.
Қазір ғалымдар Ресейдің арктикалық аймағындағы климатты болжайтын арнайы модельдер жасап шығаруды қолға алған. Оны 2020 жылға қарай жасап бітетіндіктері белгілі болды.
Осының алдында зерттеушілер, шамамен, 10 жылдан кейін ғаламдық суыну болады деген болжам жасаған еді. Оны Күннің белсенділігінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Оған қоса бүкіл адамзат пандемия, ядролық соғыс, астероидтің құлауы және қуаты күшті жанартаудың атқылауынан да жойылып кетуі мүмкін деген болжамдар көптеп кездеседі.
«The Qazaq Times»