Мамыр
Мамыр – көктемнің ең бір көрікті шағы. Жұрт бұл айды мерекелер айы ретінде асыға күтеді. Көптеген халықаралық мерекелер көктемнің осы бір мамыражай айына қойылған.
Мамыр – көне қазақ календарындағы азаматтық жылдың 30 күндік үшінші айы. Ол көкектен кейін маусымнан бұрын келеді. Ескі санат бойынша мамыр бесінші айдың сегізі мен алтыншы айдың алтысы күндерін қамтыған. Қазіріргі календардың 21 мамыр мен 19 маусым аралығына сәйкес келеді. Уақыт есебінде жұртты шатастырып алмас үшін бұл қазіргі календардың май айына балама ретінде қолданылып жүр.
Орта ғасырда мамыр айы Юлиан календарындағы май айына сәйкес болыпты. Бұл айда Күн Егіздер шоқжұлдызының тұсына тура келеді, қазақтар Зауза жұлдызы деп атайды.
Мамыр айында республикамыз теритриясына жыл құстары келе бастайды. Ерте келгендері балапан шығарып та үлгереді. Кей деректерге негізделгенде ай атауының шығу тегі осыған байланысты болса керек. Өйткені, ана тілімізде аққудың, қаздың, үйректің ұша алмайтын, топшысы бекімеген балапандарын мамыр деп атайды.
Маусым
Тілімізде «жадырап жаз келді» деген тіркес бар. Ол календарлық жаздың алғашқы айы маусымның тууымен тікелей байланысты. Жаз қызығы осы айда басталады. Осы кезден басталып бүкіл жаз бойы Қазақстан ТМД елдері ішінде ең бұлтсыз өңір болып саналады. Осыған байланысты Кеңес одағы түсында Қазақстан республикасының «күн сәулетті» деген аты болған.
Маусым (юль) – қазақтың байырғы календарында азаматтық жылдың 30 күндік төртінші айы. Ол мамырдан кейін, шілдеден бұрын келеді. Ескі санат бойынша алтыншы айдың жетінші күнінен жетінші айдың алтыншы күні аралығын қамтиды. Ол қазіргі маусым айның 20 күні мен шілде айының 19-ы аралғына сәйкес келеді. Ай аттарына байланысты түсініктерде алшақтық болмас үшін маусым қазіргі календардағы юнь айының баламасы ретінде алынып келеді.
Ертеде маусым айы Юлиан календарында да юнь айына сайкес келген. Бұл айда Күн Зауза (Егіздер) шоқ жұлдызынан өтіп, Саратан (Шаян) шоқжұлдызының түсына келетін болған. Қазақтар маусым айын Саратан жұлдызына, ал үнділер Зауза жұлдызына сәйкес келеді деп есептеген. Ал бір қызығы Зауза жұлдызын үндіше «маусым» деп атайды екен. Бұл атау «маусым» түрінде тәжік, өзбек тілдері арқылы орта ғасырда қазақ сөзіне енген болуы мүмкін. Кей жерлерде ол «Отамалы» деген атпен аталады.
Маусымда Қазақстан териториясында күн радиятциясының мол түсуінен ауаның қызу қарқыны үдеп, кең өңірді қамтыған термикалық депреция (ыстық құрғақшылық) қалыптасады. Ауаның орташа темпратурасы бұл кезде 16 – 26̊С аралығында болады. Маусым табиғаттың түрленетін шағы.
Шілде
Халқымызда «алты ай жаз, алты ай қыс» деген ұғым бар. Алты ай қыстың ең суық кезі қаңтарға тура келсе, алты ай жаздың ең ыстық кезі Шілдеге тура келеді. Республикамыздың климаттық ерекшеліктеріне зер салсақ, бұл ай барынша құрғақ, жауын-шашынға тапшы келеді. Шілдедегі орташа темпратура оңтүстік облыстарда 31-34̊С, кей өңірлерде 40̊С-тан да асып кететін кездері болады. Ал солтүстік өңірлерде көбінесе 23-27̊С арасында болады. Бұл егіннің пысуын тездетеді.
Республика көлемінде бұл айда жаңбырдың тамбауынан жердің беткі өсімдік қабаты күйіп кететін күндері бар. Шаң борау, құйын көтерілу сынды құбылыстар да кездесіп тұрады.
Шілде байырғы қазақ календарындағы азаматтық жылдың бесінші айы. Маусымнан кейін, тамыздан бұрын келеді. Ескі санат бойынша ол жетінші айдың бесі аралығын қамтиды. Жаңа жыл санауы бойынша бұл 20 шілде мен 18 тамызға тура келеді. 30 күндік бұл ай календарлық есепте жаңылыс тудырмау үшін біз қолданып жүрген Григорияндық календардағы Юль айына ретінде алынып жүр. Халық жырларында «шілденің тасбалықтан ыстығы» деген тіркесте ұшырасады. Біздің жыл санауымыздың алғашқы кездерінде шамамен айтар болсақ жаздың 40 күндік ыстығы «40 күн шілде» деп аталған екен. Бертін келе бұл 40 күн «үлкен шілде» аталып, «шілде» отыз күндік ай атына айналған.
«Зерде» журналының 1989 жылғы 5,6,7 сандарынан алынды.
“The Qazaq Times”