Жаһандық індетке айналған Covid-19 вирусын жұқтырған адамның иіс пен дәм сезбей қалатыны мәлім. Бірақ, мұндай белгілер сасық тымау кезінде де болады. Бұл екеуін қалай ажыратуға болады. Еуропалық мамандардың бұл жайындағы зерттеу нәтижесін Rhinology журналы жария етті.

Коронавирус жұқтырған адам иіс сезу қаблетін жоғалтып алады. Бұл кезде жұғымдалушының мұрны біту немесе тыныс алудың қиындауы сынды жағдай байқалмайды. Ал, бұдан кейін адамның тамаққа деген тәбеті нашарлап, дәм сезбейтін бола бастайды. Зерттеушілер вирус адамның дәм дәне иіс айыратын нерв клеткаларына толықтай әсер етеді деп қарайды.

Ғылыми зерттеуді Шығыс Англия Университеті ғалымдар тобының жетекшісі Карл Филпот жасаған. Оның зерттеуіне 30 ерікті ( коронавирус жұқтырған 10 адам, сасықтымау жұқтырған 10 адам және 10 қалыпты адам) қатысқан. Нәтижеде сасық тымаудан гөрі коронавирус жұқтырған адамның иіс және дәм сезу түйсігі көбірек әлсірейтіні мәлім болған. Коронавирус жұқтырушы ащы мен тәттіні де ажырата алмай қалады. Профессор Филпот бұдан пайдаланып коронавирус жұқтырғандарды анықтаудың тез әрі оңай тәсілін табуға болады деп санайды.

Үй жағдайында лимон, кофе, сарымсақ және тұз бен шекерден пайдаланып та індетті анықтауға болады. Дегенмен, ғалымдар мұрын және ауыз қуысынан сұйықтық алып текстілеудің маңыздылығын баса айтады.

Жон Хопкинс Университетінің ғалымдары коронавирустың иіс және дәм сезу түйсіктерін қалай әлсірететіні туралы ең қонымды зерттеу нәтижесін ұсынды. Профессор, Эндрю Лэйн бұл үшін мұрын қуысындағы және тыныс жолындағы вирустың әрекетін зерттеген. Нәтижеде, тыныс жолындағы иіс ажыратуға жауап беретін зонадан АПФ-2 ферментін көп мөлшерде тапқан. Бұл фермент ағзадағы қандайда бір реакцияларды тездетуші биологиялық катализатор рөлін атқарады.

Ғалымдар коронавирустың адам ағзасындағы осы ферменті өзіне қызмет еткізгенін, нәтижеде вирустың денеге тез таралып, көбірек зардап келтіретінін анықтаған. Зерттеудегі бұл жаңалыө коронавирусқа қарсы емдеу мен алдын алу әдістеріне үлкен үлес қоспақ.

"The  Qazaq  Times"