Қытай үкіметі елде коронавирус инфекциясының жаңа толқыны жылдам тарап жатқанын мәлімдеді. Елдегі ең ірі қала Шанхай толықтай карантинге жабылды.
Бүгін ғана (28 наурыз дүйсенбі) Шанхай қалалық әкімшілігі жаңа коронавирустың жылдам таралуын тез арада ауыздықтау үшін екі фазалы толық оқшаулау (карантин) шарасы қабылданғанын мәлімдеді. туралы жариялады.
Қабылданған шешімге сай, дүйсенбі-жұма арасында қаланың Пудоң, Пунан аудандарында толық карантин енгізіліп, тұрғындары ПЦР тесттен өтеді. Ал, қала батысындағы Пуши аудандары екінші сатыда, яғни жұма мен 5 сәуір арасында осы режимге кіргізіледі.
Карантин талаптарына сай қоғамдық көліктер тоқтатылды, тұрғындар тұрғын үй ауласынан шығуына, көшеде жүруіне шектеу қойылды, өндіріс орындар толықтай жабық режимде немесе үйде жұмыс істеу режиміне өтеді.
Қытай Денсаулық сақтау комиссиясының дерегінше, Шанхайда 24 сағат ішінде тіркелген жұғымдалушылар саны 3450 адамға жетіп, сол күнгі тұтас ел көлеміндегі анықталған науқастар санының 67 пайызын ұстаған.
Шанхайда індеттің жаңа толқыны кеше ғана болған жағдай емес, соңғы бірер апта бойы күресіп келе жатыр. Елдің ірі қаржы орталығы болғандықтан қаланы толық оқшаулауға жол бермеуге тырысып, аймақ көлемінде шектеу шарасын ұстанып келген. Қазір Шанхайдың 14 миллионнан астам тұрғыны тест тапсырып болды, олардың арасында вакцина алғандары да бар. Ал, қала халқының жалпы саны шамамен 26 миллионнан асады.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?