Әлемдік БАҚ-та осыдан бұрын Израилдің Манто үңгірінен (MANTO CAVE) 55000 жыл бұрын жасаған адамның бас сүйегі табылғаы хабарланған болатын. Ғылыми зерттеу нәтижесі бойынша бұл адамның Африкадан шыққаны белгілі болды.
Бұл адамзат тарихын танудағы аса маңызды жаңалықтардың бірі. Ғылым-техника дамыған сайын, адамзат тарихыда арыға ұзап барады. Осыған дейін табылған «Суасты өркениеттері», Үндістандағы біздің заманымызға жат, тотбаспайтын болаттан жасалған алып тіреуіш, Америкадағы 2 млн жыл бұрынғы адамдар тұрағы, т.б. бізді тарихқа тың көзқарас орнтуға жетелеуде. Адамзат тарихы жөнінде, осыған дейін, діни таным мен Дарвин назариясы күресіп келді. Бірі адамизатты топырақтан таратса, енді бірі маймұлдан таратты. Карл Яспрес болса тарихты тек қана жазба деректердің жасымен өлшеген дұрыс дейді. Яғни, бес мың жылдан ары қарай адамзатта жазу мәдениеті болған жоқ, сондықтан тарих бес мың жылдан басталады дегендей көзқарас айтқан. Алайда, Карл Яспрестің бұл пікірін түбегейлі теріске шығаратын деректер, оның жазған мақалалар санынан да асып кетті.
Осы сынды деректердің ғылыми қолданысқа енбеуінің себебі түсінікті. Қазігі адамзат ғылымы сіресіп қалған еуроцентристік көзқарастың шеңкелінде. Яғни, күллі ежелгі өркениетті Еуропаға зорлап таңу, бүгінгі ең қуатты ғылымның сырқаты. Ежелгі өркениеттен қандай да бір деректер табылса еуропалық өркениет тарихына бұра тарту басым. Соның нәтижесінде көшпелілердің ұлы даладағы алып өркениеті де өркениет ретінде мойындалмай келеді. Еуроцентристік көзқараста біз адамзат өркениетіне үлес қоспаған, тек бүлдіруші халық екенбіз.
Егер жоғарыда аталған деректер «тарихтан бұрынғы тарих» ретінде ғылыми қолнанысқа енетін болса еуроцентристік көзқарас пен қалыптасып қалған ғылыми көзқарастардың бәрі күл-талқан құлайды. Бір ғана шумерологияның өзі Батыс пен Шығыстың тарих ғылымына үлкен өзгерістер алып келеді. Ал бүгінгі мектептен тартып, ЖОО-на дейінгі тарих аса қауқарсыз екені пәш болмақ.
"The Qazaq Times"