* * *
Көңілімнің жыртығын жамап-жасқап
жылы ұйық,
Жел бетімнен иіскейді, көлеңкемен
қымтап ап.
Қайқаң басқан жайтаң жаз – жас арудай жымиып,
Райхан сеңгір аспанда мұнар аунап,
бұлт абат.
Сөлсіз құрақ ұшынан өңсіз шырақ сөнген бе?!
Ақ пейіл күн тұнжырар
қайтқан құстың зарынан.
Жапырақпен қоштасып жаздың иісін
көмгенде,
Қабырғасы тыржыңдап нар бұталар арыған?!
Баспаса деп тілейді-е-е-е...
Баяғыдай қырғын қар,
Биіктердің зілінен ығып келген жазғы үндер,
Киіктердің көзінде болмашы бір
кірбің бар...
Тозған сағат секілді тоқырап тұр аз күндер...
26 қазан
* * *
Тағдыр қолды бұғаулады... Өткізбеді бір де
адым,
Көз алдымда тұйық жолдар, тұйық
жолдар шырмағы.
Табандағы сансыз,
жансыз қызық құмдағы.
Өмір оның барлық өңін, барлық ізін
ұрлады.
Өрмекшінің жөрмегінде күн тілкімі сүзбе ғып,
Самайдағы қылаулардай ол, - өткен шақ күздегі.
Алқа таққан мойындағы қамыт табы – ағытсаң,
Кірпігіңнен қалықтайды уақыттың тізбегі
Боз уақыт шудасында болымсыз боз шаңыт бар?!
Шаңырақтан ұшқан шуақ құшып қара жер бетін,
Сүмбіленің сүлкінінде сүлдері көк
табыттар.
Талып аққан тас бұлақтар тас жүрегін терлетіп,
Саған қарап қол созады қолайсыз мың бағыттар.
2016, қазанның 3-і
Дауыл. Қараша. Үрку
Көкпек күлкі жоғалды, жылап-жылап
жаз кетті...
бүрлі аршаның бүйірінд-е-е-е еңкіл сайдың үрі жүр,
Сен.
Күз бұғағы салбырап түз иірімінен
саз бетті?
Уысынан арықтың су шашады күрсінген.
Түр, мүсіндер, сықпыттар сүрең-сүрең
сүрейлі өң
Маңдайында арқардың жадау шалқып
май шамдал...
Қорқу, қуғын, үркумен қалқи ұшқан үрейлер,
Ай сүтіне малынып, айран майсаң,
ай санғал
Көбелектің қанаты – көкшіл өрнек сиялы әр,
Төңірегі біртүрлі өшкен, кеткен өңір кең?!
Жазғы иіген орында мөрдей-мөрдей
Ұялар,
Қарашаның қаһарын қайтарады
көң іргең!!!
Алыстаған дауыстар бірі – аяныш,
бірі – Сен
Тоңған талдың түбінде торғай ғана бүрсең?..
2016 қазанның 3-і
Көлеңке
Қара қарға шоқиды қатқақ қара
миыңды...
Қауызына жасырып қаныңды
әппақ сұлының,
Уақытты шөгеріп қалдырғанда киімді
Уысыма сақтағам көлеңкенің жұлымын.
Теріс қарап өтетін күндеріңіз, зиынды
Кебіс жалап кешегі – нағыз арам зұлымың...
Оу, құдайым, айтамын сізге ғана күйімді?!
...Шын осынау біз деген – қай дәуірдің құлымыз?
Кімге аманат етеміз заман берген қиынды.
Кім өлшейді мәңгілік көлеңкенің қалыңын
Мүмкін оның астында күн ашпаған
жүр шуақ,
Біздің ыстық жанымыз – мұздың ыстық жалыны!
Жыр жамылып жетер-ді түн шетінен қыршып ап?!
Қалыңдық пен көлеңке түбірі бір... Жаңа ұғым.
Бұдан бұрын сананы мазалаған сұрақ
Көлеңкесіз ғаламның толуы ма,
Бүгін???
Тұншығамын қыңсылап...
2016, қазанның 24-і
* * *
Тау есінеп, ай кідіріп кісінесе айғыр сәт,
Айқай-шумен шоқ ішінде бұғып
қайран тылсымдық.
Қирап, талған Отырардай опырылған
қайғы ынсап!
Ен кеуденің ең түбінен «бебеу-л-лейді кіл сұмдық!!!»
Айғыр сәттің арқырауы – қақ айырылған шыңғыры,
Көк пен естің арасында кешкі реңдей айырым сап,
Шыңыраудан естілердей оның еміс міңгірі...
Сол міңгірді жел жұлқылап, жер жұтады
май құрсақ
Құрсақтағы құм сағатты не болады
қиса адам?
Көкірегінде көрігі жоқ, көмірі көп көсеммен,
Жарық, уақыт, жарым қисын, жамау-жамау
ми сана.
Қап-қараңғы күз жатар-ды қарашаны төсенген?!
Түсімізге кіреді Ай мен таңғажайып
жарық күн
Тұмша қалың қараңғыға қаңғып барып кім кірген,
Жұлдыз ағып қақ жарғандай
қарашығын ғаріптің,
Өңшең бассыз жеріктердің арасында жүрмін мен.
2016, қазанның 22-і
* * *
Құлағыма жабысса Құрманғазы күйлері,
Ай қашады аспанда
Өлі қала гуілі – өлімсіреп үйлері,
Меңірейген ағаштар,
Титықтаған желді еміп,
Қара көздің ішінде қара іңір ту іліп...
Мөлдіреген жұлдыздан мөлтеңдеген
нәр іштім,
Қыран күлкі себеді қыздары кеп ғарыштың!
Қайран таныс бұтақтар Ай демімен
жуынып
Өлі қала гуілі...
ауық-ауық қар ұшқын.
2016, қазанның 24-і
* * *
Қарашығым даланың уысында түйісіп,
Қалам ұшы қылаулап – құрау-құрау сырнайлар,
Тамшысындай жаңбырдың
Жалғыздықтың иісі –
Кірпігіме қонақтап үркіп киік күзгі айлар,
Сенің қара бұрымың – қара шуақ
ұйысып,
Шөкім-шөкім ойларды тістей қашқан жұлдыздар,
Жапырақтар хат жазған...
Өкпелеген ми іші,
Кезіп өтіп елеңім, кезбе өлең мен түнгі ызғар?!
Қарашыққа сіңірген мың аяни бақыт бар,
Іштен шыққан түрен – шу, іште ұлып үзік үн,
Дірілдейді сиықсыз жатқан қиық уақыттар,
Ғұмыр – дейміз тұйықсыз алақанның сызығын
Сол ғажайып сызықтар уысымда түйісіп,
Ырғақ етіп келемін дүниенің қызығын.
2016, қазан
* * *
Таудың басын бұлт жамап, желге
електеп,
Көлем көкшіл көлеңде-е-еп, көгенде - өлең.
Қаз-қаз тұрып, тәй басып
сенделектеп!
Өңшең өрім талдарда Ай
бөленген өң...
Оо-о-у, пері жел, тербейді ең бей демменен,
Еміренген жазым ке-е-ең, жұртымда
Ескі үн,
Бала күнгі жыртық жең жейдемменен,
Етегі рең – ерменнің ырқында өстім?!
Дала-а-ам, көзге тамызып жаңалықты әр,
Ес-түсімді есейтті-е-ей, бұл түн менің?!
Қара өткелге сүңгіп ап ала бұлттар
Қасқа айғырдай көрдің бе сілкінгенін?
Ең үр сүгіреттер ентелеп:
Елең ішін,
Су қара шаш, сұлу түс, үлпіл керім,
Өрт алаулы ақ құстар келеді ұшып,
Өмірімдей, ең соңғы – мүмкін менің?!
2016, қазан
* * *
Тапжылмай мың ғасыр – қағылған
қазықтай тұрғаны
Бір жағы көлеңке, күн шалған – аядай
Екінші бір бетін,
Өзінің саусағы – өзегін қаусырып, өңірі –
Өз өңі өзімен шырмалып,
Құлағы бітелген – естімей құдайдың құрметін, құдіретін.
Тек ғана алқымы ісінген, таяғы морт сынған баяғы
сүгіреті.
Алыстап – бір шағы, жақындап – келмейтін нұр сағым,
Қатыгез уақыттар болмысын тоздырып,
Бояуын кірлетіп
Қараңғы тұмшалап қабағын, көзінің қарасын,
Бұршағын
Сан сұрақ құрсағы – шаншылған мүрде тік?!
Қырпусыз, қарқынсыз, аяңсыз тұсаулы қырыс адым?!
Қырсығын тәңірден – құлшынып көрмеген
түкірген құсалы,
Паң шығыс күрсініп, күллі жанарлар жабығып жер басқан тіршілік нышаны...
Мысалы: Ғайыптың демімен жаны ада,
құс болып ұшады тынысы?!
Қарала тамырлар бұлқынып далада,
қап-қара қан сығып???
Қаймана дәуірдің болмысы – жұрнағы:
Тұр мұнда өзіне шырмалып шаншылып.
2016, қараша
* * *
Өлеңдер өртеліп, өлеңдер түтіннің ішінде,
Өзіңе естіліп, бұралқы ұлыған
Арландар...
Елестер қорғалап айналаң – көрінген пішіннен,
қып-қызыл көздері қанталап,
Тілдері жалақтап, жалмаңдап,
Шалқыған жалында сүйсініп өлермен түйсігің!!!
Рақым тілемей арланған,
аярсыз жалғаннан,
Пернесін қуалап саусағы дірілдеп күйші – Мұң,
Осының бәрінде ондаған түйісім,
оңбаған қиысым...
Тағы да жеткенің – жетінші түйсігің,
Сағыныш майданы – ми іші,
Қайтыс боп көнерген сілемдер –
Жылқының ізінің иісі.
2016, қараша
* * *
...Біздің ғалам шырқайтын ең мұңлы әуен –
Шұлғып құр,
Кірпігіңді ұшында – қараңғы түн ырғағы,
Сүлкініме ұсынған таңдар түрген
түндік бұл?!
Сол сәуеннің дәмімен күллі дала мүлгіп тұр.
Бүрлі талдың бойында түрлі үндер бүр жарып
Жапырақтың жұғыны сіңген нала –
мұңым жүр.
Ай шырағы іргеде, ақ үйлерге шырмалып,
Маң төбеттің үргені – тарихтай бұлыңғыр.
-Неге жылай беремін, неге егілдің,
Мұның не-е-ей?
Бұлт шетіне ілінген, бұйра-бұйра жұлым нұр???
Әжем жатқан бейіттен жел еседі жылы үндей,
Қызыл киген жиекте ұзын шоқтық іңір – жыр!
«Ерте, ерте, ерте...» - деп ертек айтқан белегір
Қашан қайтқан қалың мұң, қаймағына қайранмын?
Шашасында тәңірдің құстар өсіп келеді...
Қайран түннің қайырымды кермесіне байландым
Белуардан малтыққан әуен жұққан денені,
Көне, көне қобыздай сарнатады елеңім.
2016, қараша
* * *
Құстар ала толқында, жүр адасқан,
Кім біледі?
Ал содан жылады аспан.
Кемпірқосақ кермесі керіліп ед
Кеңістік! деп шу ұшты бір ағаштан.
Ұза-а-ақ бір мән ұялап қыш ақ таста,
Жап-жалаңаш денелер құшақтасқан.
Тау үріп тұр...
Солай ма?
Тәуір... Ұқтық,
«Бұл баяғы шың» деп түз даурықты,
Біз ояндық, ешбір жақ, жерде емеспіз
Құз сауырын кеміріп сәуірік құр,
Ен кеңісте... Еңсесіз, жел мен ес түс...
Беу, мұнда есту, сезу керек емес,
Келдің бе,
Ең мерейлі атаулы күн?
Керемет! Үнсіз тылсым керең-елес,
Шеңберсіз шеңгелінде матаулымын.
Жыр іздеп, шыр айналып малдас құрып,
Мың ізбен солай тырбың, алға ышқынып?!
Бір жарық бір ғаріпті жұбатады,
Күн менен шам арасын жалғастырып?
Қиын, ойлармен өртенген
Зиын жүрек -
Қайдағы өткен-кеткен миыңды жеп...
2016, желтоқсан
«The Qazaq Times»