Оңтүстік Африка Республикасының президенті Жейкоб Зумаға билік басынан кетуге 48 сағат уақыт берілді – деп хабарлайды SABC телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Оңтүстік Африка Республикасын басқарушы Африка ұлттық конгресі партиясы ел президенті Жейкоб Зумаға билік басынан кетуге 48 сағат уақыт берген. 2017 жылдың желтоқсан айында БАҚ беттерінде Африка ұлттық конгресі партиясына келген жаңа көшбасшы Сирил Рамапоса мен Жейкоб Зума орын алмасуда деген ақпарат тараған. Бірақ осы уақытқа дейін Зума өз орнын Рамапосаға босатып бермеген.

Жейкоб Зума билік басына 2009 жылы келген. Оның үстінен 2016 жылдан бері қылмыстық іс қозғалуда. Тексеру жұмыстары барысында оның 738 жемқорлық іске қатысы бар екендігі анықталған.

“The Qazaq Times”