 
                                    Біріккен Араб Әмірлігі Израильге тұңғыш рет елшісін жіберді. Наурыздың алғашқы күні араб елшісі еврей елінің президентіне сенім грамотасын табыстады. Бұл соңғы жарты ғасырдан астам уақыттағы Орта Шығыста болған сирек жағдай ретінде бағалануда.
Тел-Авивке барған Біріккен Араб Әмірлігінің елшісі Мұхаммед Махмуд әл-Хажа араб елдерінен Израильге барған алғашқы ресми елші саналды. Ол кеше Израиль премьер-министрі Беняминь Нетаняхумен және СІМ басшысы Ғаби Ашкеназимен кездесті.
Бірқатар араб елдері мен Израиль арасында «ресми қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру» процесі былтыр АҚШ-тың ара ағайны болуымен жүзеге аса бастады. Құрама Штатар тараптардың жоғары лауазымдыларын Ақ үйге шақырып, Израиль мен БАӘ, Кувейт, Катар қатарлы араб елдерінің қарым-қатынасын нығайту туралы келіссөздер өткізді.
Нәтижесінде ұзақ уақыт теке-тірестегі Орта Шығыс елдері татулыққа қадам тастай бастады. Бұл сондай-ақ, Уашингтонның аймақтағы стратегиясының жаңа бағытын да көрсеткендей болды.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау