Кремль АҚШ жаңа санкциясы бекітіле салысымен, санкция атқарылмай жатып, қарсы реакциясын көрсете бастады. Ресей Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап, ел ішіндегі АҚШ дипломаттарына Мәскеудегі және Ресейдің бірнеше қаласындағы қоймаларды пайдалануға тиым салды. Сонымен бірге Ресейде тұратын АҚШ дипломаттар санын қысқарту туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы Би-Би-Си арнасының ақпараттық сайты жазып отыр.
Егер АҚШ тарабы Ресейге бағытталған жаңа санкция жобасын бекітпегенде, Мәскеу жақ мұндай мінез көрсетпесі анық еді. Дегенмен Кремль өзінің шектеу шараларын АҚШ санкциясының лебі жетіп үлгермей жатып бастап кетті. Кремльдің мұнысы «қорыққан бұрын қол жұмсайды»-ның өзі болса керек.
Ресей СІМ бекіткен шектеу шарасы бойынша, 1 қыркүйекке дейін Мәскеудегі, Санкт-Петербург, Владивосток қатарлы қалалардағы АҚШ елшіліктеріндегі дипломатиялық және техникалық қызметкерлерінің саны, Ресейдің АҚШ-та тұратын қызметкерлерінің санымен бірдей болуы керек делінген. Бұл ұсынысты қабылдайтын болса, АҚШ Ресейдегі қызметкерлерінен 455 адамды қысқартуға мәжбүр болады. Кремльдің бұл қадамы АҚШ жаңа санкциясының Ресейді алаңдатып отырғанын түсіндіреді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді