БҰҰ-ның ресейлік дипломат Борис Бондаревтің Украинадағы соғысты айыптауы әлем ақпарат құралдарының назарын аударды. Бондарев соғысты «Пуиннің Украинаға жасаған соғысы» және ол «украина мен орыс еліне қарсы жасалған қылмыс» деп мәлімдеген болатын.
Борис Бондарев өз ұстанымын хат арқылы жариялаған. Оның бұл әрекеті енді Кремль жағынан «сатқындық» қатары бағаланатыны анық. Дегенмен, БҰҰ-дағы дипломатиялық қызметінен бас тартқан Бондарев өзінің көзқарасында табанды екенін білдірді, әрі ол өзінің әріптестеріне «қанды, мағынасыз, қажетсіз және ұят іске бұдан ары араласа алмайтынын білдірген». Осылайша ол өзінің 20 жылдық дипломатиялық карьерасынан бас тартқан.
Ресейдің өзінде Украинадағы соғысты «соғыс» деп атауға тыйым салынған, мемлекеттік ақпарат құралдары бұл тек «арнайы әскери операция» деп атайды. Батыс ақпарат құралдары болса, Украинадағы жағдайға байланысты «Батыс әлемі Мәскеу билігін қыспаққа алған кезде, Путин ел ішінде шындыққа қарсы соғыс ашты» деп сипаттап жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, Ресейдің шенеуніктері арасында мұндай қадам жасау тым сирек, дегенмен бұның аса ауқымды ықпалы бар. Путин режимінің Украинадғы соғыс туралы бұрмалаған мәлімдемелеріне қарамастан түрлі фактілер Ресейде соғысқа қарсы азаматтар мен ресми тұлғалардың бар екенін білдіреді.