Ғылым-техника дамыған бүгінгі күнде, бақылау әдісі жетілген сайын шексіз әлемді кеңірек түкпірлеріндегі жұлдыздар мен тұмандықтар ашылып, әлемнің адам танитын шегі кеңейіп келеді. Осыған сәйкес қашықтықты өлшеу бірлігі де ұлғайды.
Әдетте астрономия аспан денелерінің үлкен-кішілігін түсіндіруде километр өлшем бірлік етіп қолданылады. Мысалы Жер шарының экваторлық радюсы (үлкен жарты өсі) 6378 километр. Ай шарының дяметрі 3476 км. Астрономияда тағы ара қашықтық өлшем бірлік етіп қолданылады, оны астрономиялық бірлік деп атайды. Жер шарынан Күнге дейінгі орташа ара қашықтық бір астрономиялық бірлік етіп алынады. Бұл астрономияда тұрақты сандардың бірі. 1964 жылы халықаралық астрономия біріккен мәжілісінде 149600000 км бір астрономиялық бірлікке тең деп бекітілді. 1968 жылдан 1983 жылға дейін қолданылды. 1976 жылғы халық аралық астрономия бірлескен мәділісінде 149597870 километр бір астрономиялық бірлік етіп алынып, 1984 жылдан бастап бір тұтас қолданылған. Бұндай бірлік көбіне Күн жүйесіндегі арқайсы аспан денелерінің аралығындағы қашықтықты шамалауда қолданылады. Мысалы, Меркури мен Күннің ара қашықтығы шамамен 0,39 астрономиялық бірлік, Юпитер мен Күннің ара қашықтығы шамамен 5,2 астрономиялық бірлік. Бірақ жоғарыдағы өлшем бірліктер арқылы, өте-мөте километр арқылы шексіз шалғайдағы тұрақты жұлдыздардың ара қашықтығын шамалаған кезде, жазу барысында оннеше, тіпті кейде жиырма неше орынға сөзылған шұбалаңқы, ебдейсіз «астрономиялық сандар қатары» келіп шығады. Мұндай шұбалаң сандар қатары жазуға, оқуға, есте сақтауға қолайсыз. Мысалы, Күннен басқа бізге ең жақын тұрақты жұлдыз – Мерген жұлдыз шоғырындағы әйгілі Кенет жұлдызының ара қашықтығы 40000000000000 км. Аққу жұлдыз шоғырындағы №61 жұлдызының ара қашықтығы 100000000000000 км. Осы себепті пайдалануға қолайлы болу үшін астрономияда «жарық жылы» жеген өлшем бірлік қолданылады. Ендеше жарық жылы деген не?
Жарық жылы мен жыл ұқсамаған ұғым, жыл уақыттың бірлігі, ал жарық жылы аспан денелерінің арақышықтығын өлшейтін ұзындық бірлік. Аспан денелерінің ара қашықтығын өлшеген кезде, оның ойнайтын рөлі күнделікті заттарды өлшеген кезде қолданылатын сызғыш пен метрге ұқсамайды.
Ғалымдар әлемде жарық жылдамдығының ең тез екендігін, секунтына 300 мың километр жол басатындығын байқаған. Егер «жарық секунт» бірлік етіп алынса, километрге қарағанда 300 мың есе үлкен болады. Бірақ бұл да пайдалануға қолайсыз келеді. «Жарық минут», «Жарық тәулік» өлшем бірлік етіп алынғанда да өте кішірек келеді. Сондықтан, адамдар «жарық жылын» аспан денелерінің ара қашықтыын өлшейтін бірлік етіп алған. Жалпы астрономияда жарықтың бір жылда басқан қашықтығы бір жарық жылы деп аталады. Олай болса жарық бір жыл ішінде қанша жол басатынын есептеп көрелік. Жарықтың бір жыл ішінде басатын жолы S, жылдамдығы V, кеткен уақыты T болсын делік.
Бір тәулік 24 сағат, бір сағат 60 минут, бір минут 60 секунт. Сондықтан бір тәулік 24×60×60=86400 секунт болады. Ал жарықтың бір күн ішінде басатын қашықтығы физикалық формула бойынша мынадай болады:
(T=86400sek, V=300000km\sek)
S = VT = 300000×86400 = 25900000000km\sek
Бұл сандық мән шамамен жер шарынан күніге 87 рет барып келгенге тең келеді.
Бір жыл 365 тәулік, сондықтан жарықтың бір жыл ішінде басатын қашықтығы мынадай 365×25900000000 = 9460000000000 km. ғылыми жазу қағидасы бойынша бір жарық жылы 9,5×10¹² километр немесе шамамен 10¹³ километр. Демек бір жарық жылы дегеніміз тұрақты жұлдыз жарғының уакуум бір жыл ішінде таралған қашықтығы болып, 9,5×10¹² км-ге тең. Бұндай бірлік техникалық жақтан іс жүзіндік маңызға ие емес, алайда тұрақты жұлдыздардың ара қашықтығын шамалауда өте қажетті. Мысалы, Аққу жұлдыз шоғырындағы №61 жұлдыздың қашықтығы 11 жарық жылы болып, 100000000000000 километр деп алғанға қарағанда көп қолайлы болып келеді. Сондықтан жарық жылы деген бұл бірлік астрономияда басқа бірліктерге қарағанда көбірек қолданылады.
Жұлдыз аралығын өлшеуде осы күнде жарық жылы да кішілік қылып, Парсек деген бірлік қолданылды. Парсекпен жоғарыдағы бірліктер арасындағы тәуелділік мынадай: астрономиялық бірлік = 3.1×10¹³ км.
1 парсек = 3,26 жарық жылы.
«The Qazaq Times»