Ғалымдар Hubble ғарыш телескопы арқылы галактикадағы ең ірі жұлдыздың суретін түсірді.
Ғалымдар Hubble атты ғарыш телескопы арқылы Құс жолы галактикасындағы ең ірі жұлдыздың суретін түсірді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жұлдыздың радиусы Күн жүйесінің центрінен бастап Юпитердің орбитасына дейінгі қашықтықты алып жатыр деп хабарлайды Sci-News.
Westerlund 1-26 жұлдызының көлемі Күннен 1,5 мың есе үлкен және 330 мың есе жарық. Галактикадағы ең жарық жұлдыз бен Жердің арақашықтығы 16 мың жарық жылына тең.
Westerlund 1-26 жұлдызы бірнеше мың жас жұлдыздардың шоғырлануынан пайда болған Westerlund 1 аймағында орналасқан. Олардың жас шамасы 4-5 миллион жыл болуы мүмкін.
Бұл жұлдыздар шоғырында бірнеше ірі сары гипералып және қызыл аса үлкен алып жұлдыз бен басқа да Күннен ондаған есе үлкен аспан денелері бар.
Ғалымдар бұл жұлдыздар шоғырындағы аспан денелерінің жас мөлшері басқаларына қарағанда едәуір аз болғанына қарамастан, ерте сөнгендері де көп деп отыр. Бұл жағыдай жұлдыздардың көлемі үлкен болған сайын, жас мөлшері де азая беретіндігін көрсетіп отыр.
"The Qazaq Times"


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?