«Qazaq Banki» АҚ 2017 жылғы банкті капиталдандыру жөніндегі жоспарының аясында жалпы сомасы 3,2 млрд теңге сомасына 3 200 000 дана қарапайым акцияларды орналастырды. Нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 38,7 млрд теңгеге артты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банктің мәліметінше, дербес капиталы сәйкесінше, 45,3 млрд теңгеге дейін өсті.

Жарғылық капиталдың кезекті толтырылуы жоспарлы үдеріс және акционерлердің банктің одан әрі тұрақты өсуі үшін және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барынша қолдауға дайын екенін көрсетеді.

Ал бұдан бұрын 2017 жылдың шілдесінде банктің жарғылық капиталы акционерлермен 2,2 млрд теңгеге толтырылған.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктің активтері 434 млрд теңгені құрады, оның ішінде, несие портфелі 334 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер - 392 млрд теңге. Банктің дербес капиталы 42 млрд теңгені, оның ішінде жарғылық капитал 36 млрд теңге болды. Қаржы нәтижесі 2017 жылдың 7 айында 806 млн теңге көлемінде құрылған.

Айта кетейік, кеше  «Qazaq Banki» АҚ-мен бірігу жоспарын құрып жатқан «Bank RBK» АҚ акционері Владимир Кимнің қаржы институтының жарғылық капиталын толтыру үшін 20 мрлд теңге жұмсайтыны туралы хабарланған болатын. Банктің мәліметіне қарағанда, капиталдандыру туралы шешім Ұлттық Банк әзірлеген банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысу мақсатында қабылданған.

Ал банктердің бұлай  жарғылық капиталын көбейте бастауы Ұлттық банктің сауықтыру бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржысын қалай болса да иемденіп қалуға ниетті екендерін білдіретін сияқты.

“The Qazaq Times”