Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,3 млрд теңгесінің Әзербайжанның проблемалы банкіне инвестицияланғаны туралы ақпараттың тарағанына бір апта уақыт өтті. Бұған қатысты депутаттар және Ақпарат және коммуникациялар министрлігі пікір білдірген. Алайда қор қаржысына жауап беретін басты орган Ұлттық банк әлі ресми жауап берген жоқ. Ал БЖЗҚ-ның басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева бұл тікелей Ұлттық банктің жұмысы екенін айтқан. Ал Саясаттанушы Досым Сәтбаев болса өзінің фейсбук парақшасында БЖЗҚ мен Ұлттық банк әлі тыныш отыр деп жазды.

"Зейнетақыға қатысты дау ушығып жатқанда, мұндай ұзақ үнсіздік күмән тудырады. Бастысы осы мәселеге қатысты қате жауап берілмесе болғаны. Себебі қазір бұл 2017 жылғы Қазақстандағы даулы тақырыптардың нөмірі біріншісі болып тұр", - дейді Досым Сәтбаев.

Саясаттанушының сөзінше, билік енді нашар ойыннан жақсы нәтиже шығаруды тоқтату керек және төмендегідей қарпайым әреткеттерді орындау қажет:

Біріншіден, жұмсалған ақшаның тиімділігі туралы сараптама жасалмай және қоғамға қордың инвестициялық портфелінің бірнеше формасы ұсынылмайынша, БЖЗҚ қаржысын Қазақстанның мемлекеттік және квазимемлекеттік жобаларын қаржыландыру үшін жұмсауға  мораторий енгізу.

Екіншіден, кез келген мақсатта зейнетақы қорынан ақша аламас бұрын міндетті түржде тәжірибе жүргізу, инвестициялау мақсаты туралы және бірінші кезекте салымшылар үшін инвестициялаудан болатын пайданың қандай болатыны жөнінде  қоғамға толық ақпарат тарату. Қазақстандықтар шенеуніктердің тыныш бөлімдерінде қабылданатын зейнетақы ақшасын инвестициялау туралы шешім қандай принциптерге негізделетінін білуі тиіс. Және қазіргі кездегі инвестициялық декларация неге осындай егеске алып келеді?

Үшіншіден, болашақта зейнетақы активтерін басқару мен инвестициялау кезінде болған қателіктерге байланысты нақты жауап беретін адамдар туралы толық және ресми ақпарат беру.

Төртіншіден, қазақстандықтар үнемі post factum-нан біліп отыратын зейнетақы шкафындағы "қаңқалар" тағы қайда бар екені туралы қоғамға толық, ресми ақпарат беру.

Осылайша, Досым Сәтбаев егер билік азаматтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін қайта қайтарғысы келсе халықпен әділ әрі ашық сөйлесу керектігін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін БЖЗҚ-ның 71,3 млрд теңгесі немесе 200 млн доллар Әзербайжан халықаралық банкінің облигациялары үшін салынғанын айтқан болатынбыз. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Әзербайжанның халықаралық банкі елдегі валюталық дағдарыс пен валютаның жетіспеушілігіне байланысты сыртқы қарыздарын төлеуді тоқтатқан және кредит берушілермен келіссөз жүргізуді бастайды. Осыдан соң Әзербайжан билігі проблемалы банкке салынған қазақстандық зейнетақы қаржысы қайтарылатынын мәлімдеген. Қарыз Ұлттық қор қаражатынан қайтарылуы мүмкін.

"The Qazaq Times"