Ұлттық банк пен KASE теңге бағамы жөнінде мәлімдеме жасады.
16 наурызда Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 450 теңгеге жетті. Brent маркалы мұнай бағасы бір күн ішінде 14%-ға және жыл басынан 60%-ға төмендеп, барреліне 25 доллар болған.
Осы жағдайларда ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеу мақсатында Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, Франкфурт аукционы нысанында 2020 жылғы 19 және 20 наурызда теңге-доллар валюталық жұбы бойынша сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылдаған.
Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев теңгенің долларға шаққандағы курсты 450-500 теңгеге жетуіне жол бермейміз дейді. Оның айтуынша, Франкфурт аукционы түріндегі сауда – саттық өткізу туралы шешім клиенттердің өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге мүмкіндік береді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы