От әлемдегі барлық халықтың кие тұтар төтемі. От туралы бабадан балаға қалған аңыз-әфсана көп. Соның бір парасы ретінде “Шоқан Уәлиханов таңдамалы” (1985 жыл, Алматы “Жазушы”) атты кітаптан үзінді ұсынып отырмыз.

От әулие киелі болып саналады... Ошақтағы отты басуға немесе түкіруге болмайды. Қарғыс ұрады... Жаңа түскен келін әуелі өз отауына кірмес бұрын, атасының үйіне кіріп, тағзым өтуте тиіс, содан соң қалыңдық, атасының отына бір қасық май тамызуы керек. Бұл ырым — кәдені «отқа май құю» дейді. Жас келін сәлем еткенде «аруақ разы болсын» деп, тізе бүгіп, ‘еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің жанындағы әйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипай-ды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалыңдық атасының иығына шапан жабады, осы кезде отағасы ошақ жақтағы тулақты нұсқап, жас келінге отыр деген белгі беріп: «иін қандырып илеген тулақтай, мінезің жұмсақ болсын қарағым» деп батасын береді. Жан беру(уәде, серт біру) немесе жан сөзін (ант) беру үшін екі жерден от жағып, кінәсы бар адам сол екі оттың арасынан өтіп бара жатқанда, кісіні атып өлтірген мылтықтың оқпанынан сүюге тиіс.

Отпен емдеудің бір түрі: малдың жеті мүшесінен жеті жапырақ ет кесіп алып, отқа қақтап ауырған жерді қыздырады (әсіресе сарп ауруында). Аурудан тазарту үшін отқа жез шөмішті қып-қызыл етіп қыздырады, сонан соң қызған шөмішке май құйып, көк шүберек салады, шүберек пен май тұтанып жанғанда, шөмішті аурудың бетіне жақындатып, шөмішке суық су құяды, осы кезде шөміштен қатты бу шы-ғады. Емдеудің бұл түрін желұшық (Желмен ұшықтау) дейді.

Жаңа туған айды көргенде үш рет тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінажат етеді де, сол мінажат еткен жерден шөп жұлып алып, жанып жатқан отқа тастайды.

"The Qazaq Times"