Полиция мен ұлттық ұланның жаяу жасағының қатары көбейтіліп, стратегиялық аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету күшейтілмек.
ІІМ-нің ресурсы Polisia.kz Қазақстан полициясы ерекше қызмет режиміне көшкенін хабарлады.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жетекшілігімен өткен кеңеске денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов қатысты.
Ведомство басшысы коронавирустың таралуына байланысты ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын сөз өтті. Құқық тәртібін қамтамасыз ету бағытында полиция мен ұлттық ұланның жаяу жасағы көбейтілді, сондай-ақ стратегиялық және аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету күшейтілгені хабарланды.
Көпшілік қатысатын кездесу-жиындар толық тоқтатылды, қызметкерлердің шетелге шығуы мен іс-сапар шектеледі.
«Барлық деңгейде ІІМ қызметтері мен бөлімшелерін денсаулық сақтау органдарымен жедел және нақты үйлестіруді қамтамасыз ету қажет. Полиция қызметкерлері, құтқару қызметі және ұлттық ұланның әскери қызметшілері қазірдің өзінде карантиндік іс-шаралар кезінде медициналық қызметтерге толық және жан-жақты көмек көрсетуде. Бұл ретте коронавирустық жағдайы қолайсыз елдерден келген азаматтарды медициналық мекемелерге алып жүруді жүзеге асыруда», – деді Ерлан Тұрғымбаев.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?