Тоқаевтың «отставка институты» жөніндегі бастамасы ірі ойыншыларға келгенде дәрменсіздік танытуы қоғамда қарсылық-сыни көзқарасты үдете түсті. Бағынышты қызметкері жемқорлықпен ұсталған жағдайда басшысы да жауапқа тартылады дегенімен, бұл заң шын күшіне ене алмай отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатынан туған талап практикада «орынбасарды отставка отынан құтқару» сюжетін тудырды. Бұл мотив қазірдің өзінде жүйеленіп, типтік кейіпке айналып үлгерді: бір емес, бірнеше «көрнекті мысалдары» пайда болды.
Атырау облысының әкімі өзінің орынбасары Серік Айдарбековтың қол астындағы қызметкерінің қылмысы сот арқылы дәлелденгеннен кейін отставкаға тапсырған өтінімін қанағаттандырудан бас тартты. Аймақтағы Ақ-Жайық басылымының хабарлауынша, Атырау өңірінің әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарына сөгіс берумен шектелген.
Сәуірде сот облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Серік Қамидолланы Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша кінәлі деп таныса да, бірақ «жасаған ісіне өкінуіне байланысты» оны қылмыстық жауапкершіліктен босатқан еді. Осыдан кейін басқа салалармен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалайтын облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков өзін қызметтен босатуға өтініш берді. Алайда «ақкөңіл әкім» Махамбет Досмұхамбетов қатаң сөгіс берумен шектеліп, арызын қабылдамады.
«Расында да, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес, С.Айдарбеков сот шешімінен кейін 10 күн ішінде отставкаға кетуге өтініш берді, бірақ облыс әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданумен шектелді», – деп растады облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Басылым бұл шешімнің заңға сыйымдылығын белгісіз деп санайды. Серік Айдарбеков Атыраудағы «ақ үйдің» ішіндегі маңызды тұлға: тек қазіргі қызметіне байланысты емес, мұнайлы өңірде қызметке тағайындалғанға дейін ол үш жыл бойы Мәжіліс аппаратын басқарды, сондықтан елордада танысы көп, байланысы жақсы» дейді. Айдарбеков 2010-2012 жылдары облыс әкімінің орынбасары, кейін Атырау қаласының әкімі болған.
Істі болған басқарма басшысының орынбасарына бағынысты екенін алға тартқан әкімнің басына «қызметтік тоқырау төндіретін қатердің бірі» орынбасары Нұрлан Таубаевтың ісі әлі бір жағына шыққан жоқ. Пара алды деген күдікпен сотталып жатқан Таубаев былтырғы күзден бері қамауда, ол – Досмұхамбетовтың бұрынғы бірінші орынбасары. Егер күдікті экс-шенеунік айыпталушы ретінде танылса, әкім Досмұхамбетов заң бойынша орнынан кетуі тиіс.
2019 жылғы 10 желтоқсанда қайта толықтырылған «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңға сәйкес:
«Орталық мемлекеттік орган басшыларының орынбасарлары – өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға беруі керек»
Бұдан бұрын да бағынышты қызметкерінің қылмысы дәлелденгенімен, басшысы лауазымындағы бірнеше шенеунік отставкаға кетпеген. Заңда көзделген норманың іске асуын бірінші басшылардың «әміршіл еркі» кедергі келтіріп отыр.
Осыған дейін Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрдың бұрынғы директоры Нұрнияз Мұқанов қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, жұмыс істемейтін танысының есепшотына бір жылдан аса уақыт бойы заңсыз жалақы аударып, бюджетке 1,4 млн теңге шығын келтірген. Одан ілгері елордада орналасқан М.Горький атындағы академиялық облыстық драма театрының экс-директоры да жөндеу жұмысына бөлінген қаражатты жымқырды деген айыппен қызметтен шеттетілсе, осыдан біраз бұрын астананың Мәдениет және спорт басқармасының экс-басшысы Нұрлан Сыдықов, М.Әуезов театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл да парамен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ осы жайттардың бірде-бірінде жоғары басшы отставкаға кеткен жоқ.
Ақпан айында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен де өзіне бағынышты шенеуніктің пара алғаны сот үкімімен расталғанына қарамай отставкасы қабылданбай, сөгіспен ғана шектелген. Сот мәдениет басқармасының бұрынғы жетекшісі Нұрлан Садықовты айыпты деп таныған, осыған байланысты осы салаға жауапты Бақтияр Мәкен отставкаға өтініш берген. Ал астана әкімі Алтай Көлгінов орынбасарының отставкасын қабылдамай, кері қайтарған. Құқық қорғаушылар мұны «кадрлық талғау алып келетін көзбояушылығы басым заң шикілігі» деп сынайды.
«Сенімнен кетті» деген сөгіспен 2019 жылы Шымкент әкімі қызметінен алынған Ғабидолла Әбдірахымов биыл қаңтарда мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Қазақстанда жұмысына қоғам қырын қарап не жоғары басшылыққа жақпаған кейіпте орнынан кетіп, кейіннен тіпті биік лауазымға баратын шенеуніктер аз кездеспейді.