Ақмола облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев пара алды деген күдікке ілініп, тергеуге алынды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің шеңберіне кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. 14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды" делінген агенттік хабарламасында.
Кейбір БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, Таласбаев 14 тамызда Алматыда 13 млн теңге пара алып жатқан сәтінде ұсталған, ал параның жалпы сомасы шамамен 30 млн теңгені құрайды.
Қазақстанда әкімдік қызметкерлері жемқорлық күдігіне жиі ілінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бір апта бұрын ғана Шымкент мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары 80 млн теңге пара бермекші болғаны үшін қамауға алынғанын хабарлаған. Бірақ әкімдік ақпартты терістеген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел