Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті бірқатар облыстар мен қалаларда су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Республика бойынша 11 елді-мекендегі 222 тұрғын үйді, 269 ауланы, алты ғимаратты қызыл су басқан.
Қостанай облысындағы Қарасу ауданының төрт елді-мекенін тасқын су басып қалды. Жүзге жуық адам көшірілді.
Ақтөбе облысында Елек өзені арнасынан асып, бірқатар саяжай үйлері мен аулаларға су кірді. Мұнда 300-ге жуық адам көшірілді. Екі орта мектепте 12 эвакуациялық пунк ашылды, 53 адам осында орналастырылды, 240-тан астам адам туыстарының үйлерін паналады.
Ақмола облысының Атбасар қаласында су басу қауіпі күшейді, соған байланысты мұнда 150-ге жуық адам көшірілді. Астана қаласында бірнеше көшені су басуы мүмкін. Жергілікті билік қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Қарағанды облысында шамамен 1,5 мың адам көшірілген.
“The Qazaq Times”