Қытайдың Шанши (Шаньси) провинциясындағы су тасқынынан 1,8 млн адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Аталған провинциядағы бірнеше ірі қалаларды су басқаны мәлім, бірақ табиғи апаттан қаза болғандар туралы ресми мәлімет берілген жоқ.
Шанши жерінде бір апта бойы толассыз жауған нөсердің соңы ауыр су тасқынына алып келді. Провинцияда селге қарсы алдын алу шаралары бұрынғыдан да жоғары деңгейде жасалған, су тасқыны қатеріндегі елдіекендер мен қала-қалашықтардың маңында су бөгеттері, арық-тоғандар жасалған. Бірақ екпінді сел бәрі бірдей көп жердегі тоспа-бөгетті жырып кетті.
Қазірге дейін Шанши провинциясының 70-тен астам ауданы су тасқынынан зардап шекті, кей өңірлерде толассыз нөсерден жер көшкіні де болған.
Қытайдың ішкі провинцияларындағы су тасқынының ауыр салдары энергетиканың дағдарысына алып келуі мүмкін деген болжамдар да бар. Себебі тасқын қатеріне байланысты үкімет тарабы бірқатар провинциялардағы тау-кен шахталарының жұмысын тоқтатты. Олардың арасында қалаларды электр қуатымен қамдауға қажетті көмір шахталары да бар.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау