2016 жылы жерге байланысты өткен митингтерде халық жерді дауымен қатар Қытай зауыттарын Қазақстанға көшіруге де қарсы шыққан. Бұл наразылық 2019 жылы да қайта үдеп, республика көлемінде азаматтар қарсылық білдірген жиындар жиілеген еді. Соған қарамастан, Қытай 2023 жылға дейін Қазақстанда 56 кәсіпорын салатын болды. Бейжің капиталы негізінде салынатын кәсіпорынның жалпы құны – 24,5 млрд доллар.
Сауда және индустрия министрлігі жаряланған мәлімет бойынша, 2005-2020 жылдар аралығында Қытай Қазақстанға 19,2 млрд доллардан астам инфестиция құйған. Сонымен қатар Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $ 24,5 млрд-қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарланған.
1 наурызда ҚР Сауда және индустрия вице-министрі Қайрат Төребаев пен ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен кездескен.
Бұрынғы президент Назарбаев 2019 жылы биліктен кеткеннен кейін мемлекеттік БАҚ-та Қытай зауыттарына қатысты мәлімдеме жасаған.
Сол жылы «Қытайдан қорқа берудің қажеті жоқ» екенін айтқан Назарбаев: «Қазір мен «Қытай бізді басып алып жатыр» дегенді естіп жүрмін. Қай жерде басып алып жатыр? Менің Қытай билігімен келісімім бар. Біз Қазақстан-Қатай біріккен кәсіпорынан саларда тараптар қанша жұмысшы келетіні жөнінде келісімге қол қояды. Құрылыс аяқталғаннан кейін олар кері қайтады. Қорқа берудің қажеті жоқ. Бұл зауыттарды көшіру емес, біз өзімізге керекті заманауи кәсіпорындарды таңдадық. Бізге инвестиция кім береді? Қазір мұндай қаржы Қытайда ғана бар. Біз бұны пайдалануымыз қажет», – деген.
2019 жылы Қазақстанның Қытайға қарызы 11 миллиард доллар болған. Қазақстанда анти-қытайлық көңіл-күй әлі күнге дейін өршіп тұр. Ол ауық-ауық митингтерге ұласып тұрады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел