Қазір елдің әр түкпірінде экс президент Назарбаевқа тиіспеушылыкті қамтамасыз ететін «ҚР тұңғыш президенті – елбасы» туралы конституциялық заңның күшін жоюды талап еткен петицияға қол жинау жүріп жатыр.
Петиция мәтінінде:
«Сонау 2000 жылы қабылданған «Тұңғыш Президент туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тұңғыш президентке және оның отбасына толық иммунитетке кепілдік беріледі, атап айтқанда:
1. Тұңғыш Президентті ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, шақыруға болмайды. жауап алу үшін қамауға алынды.
2. Назарбаевқа және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық мүлікке қол сұғылмайды.
3. Елбасы банк шоттарының қол сұғылмауына кепілдік берді.
4. Назарбаев пен оның отбасы өмір бойы қорғауда, Елбасының өмірі мен денсаулығы міндетті мемлекеттік сақтандыруға жатады.
5. Зейнетақы алады (президенттің айлық жалақысының 80%-ы). Онымен бірге тұрған Назарбаевтар отбасының әрбір мүшесіне ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады.
Жаңа Қазақстан ұмтылып отырған еркін демократиялық қоғамда бұл артықшылықтар қабылданбайды деп есептейміз, сонымен қатар, тұңғыш президенттің отбасы мен басқа да туыстарының табыс көздері өте күмәнді. Осының барлығы заңды және объективті тергеуге жатады, бірақ бұл аталған заңға қайшы келеді. Біз бұл заңның күшін жоюды талап етеміз!»,-делінген.
2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған бейбіт шеру елдің бар аумағына дерлік қолдау тауып, Жаңаөзендектерді қолдауға, қымбатшылыққа қарсы ойын айтуға шыққан халық тың әуелгі экономикалық талабы саяси талапқа ұласқан. Араға арандатушы лаңкестер кіріп кетіп қанда қаңтар оқиғасы туған. Сол уақиғадан соң Назарбаев әулеті мүшелері лауазымды қызметтерінен кетіп, ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін Назарбаев 18 қаңтарда үндеу жасап, өзінің зейнеткер екенін, Тоқаевтың қолында барлық билік бар екенін мәлімдеген болатын.