Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамындағы бірінші департамент тергеушісі Данияр Бекайдаров бағынышты қызметкердің жемқорлығы үшін басшыларын оставкаға жіберу институтыгың жұмысы туралы баяндады. 

«Тікелей бағынышты қызметкерлердің жемқорлық айыбы бойынша басшылардың жауапкершілігі институты нормативтік тұрғыда реттелді. Ол биылғы жылдың 9 айында өзінде тиімді құрал екенін дәлелдеді. Саяси басшылардың отставкаға кетуіне қатысты қарастырылып отырған кезеңде аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берді, 6 әкім жұмыстан шығарылды», – деді ол брифинг барысында.

Мәселен, Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысовтың және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Өмірәлиевтің отставка туралы өтініші жетекшілік тараптан  мақұлданбаған. Облыс әкімдері оларға «сөгіс» жариялады. Қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық қылмысты өзгерісті енгізуге дейін (2019 жылғы 10 желтоқсан) жасағандықтан, Сәтбаев қаласының әкімі отставкаға өтініш бермеуіне де болар еді.

«28 қыркүйекте Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Ғаязов отставкаға кетті. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін хабарланғандай (13 қыркүйек) оған тікелей бағынышты Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты үкім заңды күшіне енген болатын. Сол секілді Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың отставкаға кету туралы өтініші қаралуда. Оның орынбасары Тәжібаев сотталды. 8 қыркүйекте оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім заңды күшіне енді. 5 іс әлі мониторингте», – деді Бекайдаров.

Заң күшіне енгенімен ірі көлемде жемқорлық күдігіне ілікке лауазымды тұлғалар бәрі бірдей орнынан кете қойған жоқ. Сарапшылар мен азаматтық қоғам белсенділері бұл тетіктің өміршең еместігін, жай ойын шартына көнбегендерді «тазалауға» арналған сүзгі деп санайды. Сайлауды да, парақор орынбасар үшін қызметінен босату да әзірге тек ауыл-аудан әкімдеріне ғана «қолданылып» жатыр.

“The Qazaq Times”