Германиядағы «Шарите» клиникасының реанимациясында жатқан ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың «Новичок»-тан уланғаны белгілі болды. Канцлер Ангела Меркель және бірқатар батыс басшылары Ресей билігін сынға алып, «Путиннің төлқұжаты – қарсыластарын улау»– деген шетел басылымдары Навальныйдың улануы Скрипаль жағдайымен ұқсас екенін жазды.
20 тамыз Томск қаласынан Мәскеуге бет алған оппозиционер саясаткер Алексей Навальный бортта жағдайы нашарлап, ұшақ дереу Омбы қаласына қонуға тура келген. Кейін жедел жәрдеммен оппозиционерді Омбыдағы ауруханаға жеткізген. Кейін Германия Навальныйды Берлиндегі ауруханаға әкету үшін арнайы санавиация жіберген. Басында Омбы дәрігерлері Навальныйды орнынан қозғауға болмайды деп оны Германияға жіберуден бас тартқан. Кейін омбылық дәрілерлер Навальныйды ауруханадан әкетуге рұқсат беріп, Навальный 22 тамызда Берлинге жеткізілген.
Осы оқиғадан кейін кешкісін Навальныйды қолдау мақсатында Мәскеу, Петербург, Новосибирск, Төменгі Новгород қалаларында ондаған адам наразылық өткізген. БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша, олардың көбін полиция ұстап әкеткен.
2018 жылы 4 наурызда Ресей Федерациясы Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегі арқылы уланған болатын. Аса қауіпті химиялық қарудың Ресейде жасалынғаны анықталып, АҚШ пен Ұлыбритания бұл істе тікелей Ресейді айыптады.
Spiegel (Неміс басылымы)
Навальный Берлинге Германия канцлері Ангела Меркельдің қолқа салуымен жеткізілді. Егер мұндай шешім қабылданбағанда, оппозиционер бүгін тірі болмас еді.
Енді неміс үкіметі агрессиялық саясат ұстанатын мемлекетпен байланысын реттеуі керек. Эстонияның Қорғаныс министрі Юри Луйк: «Мен мұндай бұйрықты губернаторлар немесе шенеуніктер қабылдамайтынына 100% сенімдімін. Навальныйды улау туралы бұйрық жоғары жақтан келген. Арнайы тапсырыспен улаған. Солсбериде уланған Скрипаль жағдайы да бар шындықты әшкерелеп отыр», – дейді.
Навальный ісі ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларын қатайтуға ықпал ететін сияқты емес, бірақ жағдай тез өзгеруі мүмкін.
Егер Навальныйдың уланғаны және бұл мемлекеттің мақұлдауымен немесе тапсырыс бойынша жасалғаны нақты анықталса, Еуропалық одақ Ресеймен қазіргі экономикалық қатынастарды мұқият қайта қарауы керек.
New York Times (АҚШ)
Навальныйдың улануы Беларусьтегі жаппай наразылықтар мен Қиыр Шығыстағы бірнеше аптаға жалғасқан демонстрациялармен қатар орын алды. Себебі Беларусь пен Хабаровскідегі наразылықтардан қорқатын Кремль Навальныйдан құтылғысы келді. Осы арқылы Навальныйдың Путинге қарсылығын тоқтатып, оппозицияның 2021 жылы өтетін Мемлекеттік Думаға сайлау жоспарларын бұзуды мақсат етті.
Тағы бір теория – Навальныйдың улануы репрессияның механизмін емес, жүйенің әлсіздігін көрсетеді. Ресей билігінің ықтимал қауіп-қатерлерге реакциясы соншалықты нашарлады. Сондықтан мемлекет бұдан былай біртұтас жүйе ретінде жұмыс істемейді, керісінше оппозицияға қарсы бәсекелес кландар мен жалдамалы фрилансерлер одағы ретінде жұмыс істейді.
Жүйенің әр элементі үкіметтің мүддесі үшін емес, өз логикасына сәйкес әрекет етеді. Путин мен Ресейдің билеуші элитасының өкілдері Навальныйдан қорықпайды, оны белгіленген тәртіпті бұзушы ретінде жек көреді.
Guardian (Ұлыбритания)
Соңғы 10 жыл ішінде Мәскеу әскери, қауіпті уларды сатып алған. Мұның барлығы Путиннің тапсырмасымен орындалды.
«Новичок» – Ресейдің төлқұжаты іспетті. Путин өз қарсыластарын улау арқылы, басқа топтарды қорқытқысы келеді.
Күтпеген жерден өткен Ресей-Германия дағдарыстарының мұңды жаңғырығы оған ілінді. 1914 және 1941 жылдардағыдай, Еуропаның екі ірі державасы тұңғиықтың шетінде тепе-теңдік орнатты.
Бұл мәселеде Ангела Меркель екі оттың ортасында қалды: бірі – Ресей, ал бірі – Еуроодақ елдері. Ұлыбританиядағы Ресей тыңшысы Скрипаль мен оның қызы уланған кезде Британия премьер-министрі Треза Мэй бірден қатаң шаралар қаблыдаған болатын. Біріккен Корольдіктегі дипломаттарды еліне қайтарып,экономикалық санция енгізу арқылы Мэй өз мықтылығын көрсетті. Ал Меркель «ары тартса – арба сынады, бері тартса – өгіз өледі»-нің күйін кешіп жүр.
Liberation (Франция)
Қазір Франция, Үлыбритания, Италия, Канада т.б елдерде Кремльді оқиғаны ашық зерттеуге шақырып, оған келіспесе бірігіп шара қабылдаймыз деп ескерту жасады. Еуропалық дипломат Жозеп Боррель Навальныйға қастандық жасалғанына байланысты пікір білдіріп, кез келген адамға химиялық қару қолдану халықаралық заңға қайшы қылмыс деді. АҚШ тарабы да саясаткерге у беруге байланысты Кремльді айыптады және Конгресс Трамп әкімшілігін Ресейді санкциялауға шақырды.
Ресей билігінің агрессиялық саясаты жалғасын таба береді. Бірақ бұл жағдай ескерусіз қалмауы тиіс. Ресей жауап беруі тиіс.
El Pais (Испания)
Путин 20 жылдан бер өз қарсыластарын сотсыз және тергеусіз жойып келеді. Осыған дейін орын алған қайғылы жағдайлардың басым бөлігі – улау. Борис Немцов бес жыл бұрын Кремльде серуендеу кезінде атылса, Навальныйдың өзі 2017 жылы дезинфекциялық шашыратқаннан кейін көзіне зардап келген. тыңшы Скрипаль да әмкери «Новичок»-тан уланды.
Диссиденттерге, қашқындарға, қарсыластар мен тыңшыларға оқ атылды, пышақ жарақатын алды. Қазір оларды өлтіру үшін химиялық қару қолданылады. Бұл – патшалық Ресей, содан кейін Путиннің дәстүрге айналған қалыпты әрекеті.