Германия канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияда премьер-министр Борис Джонсонмен кездеседі. Бұл – Меркельдің канцлер ретіндегі соңғы сапары.
2005 жылдан бері канцлер болған Ангела Меркельдің 22-ші сапары Джонсонның Лондонға жақын жерде орналасқан резиденциясында өтеді.
26 қыркүйекте Германияда парламенттік сайлау өтеді, бірақ қазіргі канцлер федералдық үкіметтің төрағасы қызметіне өз кандидатурасын қайта ұсынбайтынын мәлімдеді.
Ұлыбритания премьері Джонсон: «Меркель канцлер болған 16 жылдан астам уақыт ішінде Лондон-Берлин байланысы нығайып, дамыған дәуірге қадам басты. Біздің ортақ жобаларымыз, кәсіпорындарымыз болашақ ұрпаққа мұра боп қалады», – деді.
Сапар барысында тараптар өте жұқпалы Дельта коронавирус штаммының таралуына байланысты саяхатқа шектеу қоюды қарастырмақ. Сондай-ақ, келіссөздер барысында Ұлыбританиядан Солтүстік Ирландияға азық-түлік жеткізу келісімі талқыланбақ.
Сонымен қатар Меркель Елизавета IІ патшайыммен де кездеседі. 2015 жылы олар Германия канцлериясында корольдік сапар кезінде кездескен. Ал 2008 және 2014 жылдары Елизавета II Меркельді Букингем сарайында қабылдады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті