Сіз trouble-shooter мамандығы туралы естіп пе едіңіз? Бұл әлемнің әр бұрышына ұшып барып, кез келген адамдардың, кез-келген мәселелерін шешіп беретін "мамандар". Олардың қызметіне қарапайым адамдарға қарағанда, үлкен корпорациялар көптеп жүгінеді. 

Бұл кәсіппен әлемде тек 100 шақты ғана адам айналысады екен. Ең аз таралған мамандық деп айтуға болады. Бірақ кейбіреулерінің бір жолғы ақысы 100 000 доллардан асып түседі. Ал жұмыс кестелері бірнеше ай бұрын жоспарланады.

Тrouble-shooter үшін ең бастысы - оның абырой, беделі. Тапсырыс берушілер арасында құпия түрде танылып, бәсекелестерінен де жасырын жұмыс жасауға тырысады. Олар үшін жалғыз әрі басты жарнама - "жүзпайыздық нәтиже". Мүлде қателесуге болмайды.

Мақаланы оқи отырып сіз, мүмкін, рекетир жайлы ойлап отырған боларсыз. Бірақ, мәселені шешетіндігі рас шығар бірақ оны шешу жолдары мүлдем өзгеше. Тrouble-shooter-дің рекетирлерге еш қатысы жоқ. Мамандықтың қыр-сырын жақсы түсіну үшін мына екі мысалды қарап көріңіз.

Америкада айлық анықтамалықтарды шығаратын екі компания болған екен. Екеуі де бір уақытта, бірдей ақпаратты таратып, бір-біріне үлкен бәсекелес болады. Әрқайсысы нарықты жаулап алу үшін түрлі амалдарды жасайды. Бір-бірінің қызметкерлерін сатып алып, компанияның ішіне іріткі салып та, бір-біріне қара пиар жасап та көрді. Бірақ ешқандай нәтиже шыға қоймады. Бірақ екі анықтамалықтың бірдей болғанына қарамастан елдер екеуін де бір доллардан  сатып алатын болған.

Бұл бәсекелестіктен шаршаған компанияның біреуі  trouble-shooter-ді жалдайды.

Ол бұл мәселені тыңдап болып, сәл ойланып, мынадай шешімге келді.

-Сіздер келесі айдағы анықтамалықтың көлемін кішкене, қалың етіп шығарыңыздар. Бірақ ішіндегі ақпарат екеуіңде де бірдей болсын. - деп, өз ақысын алып кетіп қалады, ал бәсекелескен компания екі айдан кейін дағдарысқа ұшырап, жабылып қалады.

Бұл жердегі бар мәселе мынада болып тұр: адамдар екі анықтамалықты да сатып алғанда олардың көлемі мен қалыңдығы бірдей болатын. Ол кезде адамдар қайсысын жиі қолданатындарын да аңғара бермейтін. Ал арнайы  trouble-shooter-дің ақылына құлақ асқан компания анықтамалықты кіші көлемде, қалың етіп жасады. Сол кезде кез-келген адам кіші, қалың анықтамалықты үлкенінің үстіне қояды да соны жиі пайдаланатын болған. Арада біраз уақыт өткеннен кейін екінші анықтамалықты мүлде пайдаланбайтындығын аңғарған соң оны сатып алудың да аса қажет еместігін түсінген.

Екінші мысал.

Әлемдік Nike компаниясының  бас кеңсесінде 1000 менеджер мен маман бір мәселені шеше алмай бас қатырады. Ақырыда шешімін таппаған соң  trouble-shooter-ді шақыртады.

-Біз Африканың кейбір жағдайы төмен елдерінде спорттық аяқ киімдерді шығара бастадық. Жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын аша отырып, фабрикаларды салып, қызметкерлерді үйретіп, барлық қаржылық мәселелерді реттестіріп қойған едік. Бірақ жұмыс басталғалы бері өзіміздің қызметкерлеріміз аяқ киімдерді ұрлай бастады. Кейін күзетшілерімізбен қоса компания өнімін талан-таражға салып, біраз шығынға ұшырадық. Америкадан арнайы күзетшілерді жалдау - үлкен ақшаны қажет етіп отыр.

Тrouble-shooter:

- Сонда менен не қажет?

- Штаттардан күзетші шақыртпай-ақ, бұл ұрлықты қалай тоқтатуға болады. Фабрикалар орналасқан аймақтағы тұрғындардың әрбірінде бағасы өздерінің жылдық табысынан артық аяқ киімдері бар. Бұл бассыздықты қалай доғарсақ екен? Ұрлықты мүлде тоқтату үшін не ісеу керек?

Trouble-shooter 1000 менеджердің ақылы жетпеген бұл мәселені толық түсіне қоймады. Және аяқ киім өндірісі жайлы ешнәрсені де білмейтін еді. Бірақ ол кез-келген дүниені басқа қырынан қарай алады. Қараңғы бөлмеде сәл ойланып отырды да, мынадай шешімге келді:

- Сіздер аяқ киімнің бір сыңарын басқа елде,екінші сыңарын тағы бір елде өндіріңіздер.

Осы әдісті пайдалану арқылы компания қалаған нәтижесіне жете алды.

“The Qazaq Times”