АҚШ Конгресі кезекті баяндамасында XXI ғасыр басталғалы Қытайдағы америкалық компаниялардың «ауқымды көбеюі» АҚШ-тың өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілігіне және ұзақ мерзімді технологиялық саладағы көшбасшылығына қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.
АҚШ Экономикалық және қауіпсіздік комиссиясы (USCC) сәрсенбіде АҚШ-тағы Қытай компаниялары өндірістен зерттеу сияқты маңызды қызметке тез ауысады, бұл «Қытайдың өндірістік саясатын қолға алуға мүмкіндік беретінін алға тартты. Статистика бойынша 2010 жылдан 2017 жылға дейін АҚШ компанияларының Қытайдағы филиалдарының саны 227% -ға, компания активтері 1427% -ға, сатылым жағынан 135% -ға өскен.
Жоғарыдағы көрсеткіш бойынша, бұл компаниялар «Қытайдың арзан жұмыс күшін, тасымал бағасының арзандығын, бүкіл әлемдік экспортқа қолайлылығы және Қытайдың тұтынушылар нарығы сынды артықшылығына қызығады».
Алайда, бұл жанама түрде АҚШ-тың ішкі өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін және Қытайға қарсы технологиялық көшбасшылықты әлсірету мүмкін. Бұл тенденция «Қытайға өзінің индустриялық саясаты мен әскери даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді" деп қауіптенуде.
Баяндамада айтылғандай, АҚШ пен Қытай арасындағы стратегиялық бәсекелестік күшейген сайын, Конгресс АҚШ-тың инновациялық мүмкіндіктері мен көшбасшылығын қалай сақтау және қорғау керектігін қарастыруы тиіс. Бұл талаптар орындалмаса АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін салалардың мемлекетке тәуелділігін арттырады, сондай-ақ, жеткізу саласының құнын арттырып, мемлекетке үлкен шығын әкеледі делінген.