АҚШ пен Қытай арасы шиеленіскен тұста АҚШ-тың бірқатар конгресмендері Қытаймен байланысы бар америкалық компанияларға берілген несиені қайта қарауға шақырды.
Бұндай бастаманы Индиана штаты республикашыл конгрессмені Джим Бэнкс көтерген. Ол Трамп әкімшілігін Қытаймен әріптестік орнатқан авиация және қорғаныс компанияларына індет кезіндегі экономиканы ынталандыруға бөлінген миллиондаған несиелерды қайта қарауға шақырды.
Бэнкстың есебінше америкалық компанияларды қолдауға бөлінген несиенің бір бөлігі олармен әріптестік орнатқан қытайлық авиациялық өндіруші Қытай Авиациялық Өнеркәсіп Корпорациясы (AVIC) және қару-жарақ өндіруші Қытай аэроғарыштық ғылыми-өнеркәсіптік корпорациясына (CASIC) берілген. АҚШ Қорғаныс министрлігі жақында аталған екі компанияны Қытай қарулы күштерімен байланысы бар компаниялар ретінде атаған болатын.
«Қытайдың қорғаныс саласыдағы аэроғарыш және авиация саласындағы әрекеті АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Бұл компаниялардың міндеті – Құрама Штаттарды нысанаға алыу», - деді сәрсенбідегі хатта. Сондай-ақ: «Қытай армиясымен байланысты компанияларға берілген несиелерді қайта қарау керек ...», – деп қортындылаған Бонкс.
Бэнкс сонымен қатар 125-тен астам қытайлық компания осы несие бағдарламасы арқылы 419 миллион АҚШ долларына дейін несие алғандығы туралы есепке сілтеме жасады.