Алматы қаласында сәрсенбі күні Glovo компаниясының жұмысшылары ереуіл өткізер бұрын бірнеше белсенді ұсталғаны хабарланды.
Олардың арасында курьерлердің тіркелмеген кәсіподақ жетекшісі Жеңіс Орынәлиев те бар. Бұл жөнінде Vlast сайты жазды. Ақпаратқа қарағанда, курьерлерді полиция Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізген.
«Белсенділерді таңертеңгі сағат 11:30 шамасында ұстап әкеткенін білеміз, бірақ нақты қай жерде – үйінде ме әлде әкімдікке барған кезде ұстады ма, ол жағы белгісіз. Біздің телефондарымыз тыңдалды ма деген күдік пайда болды. Құқық қорғау органдары әрдайым біздің акцияларымыз жөнінде хабардар» деді курьерлердің бірі Vlast сайтына.
Баспасөз қызметінен әлдебір ақпарат алу қиын полиция департаменті әдеттегідей оқиғаға дер кезінде түсініктеме бермеді. Компания жұмысшылары ұсталғандарды қолдау үшін полиция басқармасына баратынын да айтқан.
Осыған дейін Glovo курьерлерінің сәрсенбіде, 27 қазанда Алматы әкімдігі алдына жиналып, 20 талабын жеткізетіні жөнінде хабар тараған.
Glovo сервисінің қызметкерлері алғашқы наразылық акциясын шілде айының басында өткізген. Содан кейін олар еңбек жағдайын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етті. Десе де ондаған курьермен кездескен қалалық кәсіпкерлік басқармасының басшылығы мен компания өкілдері талапқа сай шешім шығармаған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы