Белгілі қазақ-совет ғалымы, эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы, Ишанбай Қарақұловтың әйелінің ұлты орыс екен. Сонысынан да болар, кейде Ишағаңды дүкенге жұмсап, нан, сүт әкелуге жіберетін көрінеді.

Ол кезде магазиндерде үлкен әйнек қорапшалардағы суға салынған, тірі балықтарды сатушы еді. Бір күні ағамыз балық алмақшы болып, дүкенге кіреді. Сатушы балықтың біреуін судан алып шығып, тулатқан күйі өлшеп жатса Қарақұлов:

Дайте мне свежую рыбу, депті.

Анау таңғалып:

Вы что, издеваетесь, это же живая рыба, дейді.

Сонда Ишағаң аспай-саспай:

Моя жена тоже живая, но она не совсем свежая, депті.

Тағы бір жайт – Қарақұловтың үлкен ұлы да орыс қызына үйленіпті. Тек ең кенжесі ғана қазақ қызын алған. Кенже баласының тойы өтіп жатқанда Ишанбай жұрт алдында сөйлеп тұрып баласына риза болып, «Жарайсың балам, жақсы келін түсірдің, құдалар да инабатты адамдар. Ал, ең бастысы сен менің жас кезімде басқа ұлтқы үйленген қателігімді қартайғанымда түзетіп, қазақ қызына үйлендің, рахмет саған!» деген екен. Қалжың-шынын араластырып, өзінің басқа ұлттан әйел алғанына көңілі толмайтынын білдіргені сияқты. Иә, айта берсе ол кісінің басқа да қызықтары көп...

"The Qazaq Times"