Коронавирус және оның қаупі анықталғаннан кейін вирус жұқтырғандардың арасында жазылып шыққандар саны 50 мыңнан асты, ал соңғы 14 күнде жазылып шыққандар саны вирус жұқтырғандар санынан көп екені туралы мәліметтер жария болды. Дегенмен, әлем бойынша денсаулық сақтау мамандары вирусқа тікелей қарсы тұра алатын вакцинаны әлі таба алған жоқ.
Мәліметтерге қарағанда коронавирусқа қарсы препараттардың бірнеше нұсқасы бар, бірақ олар әлі толық дәлелден өткен жоқ. Бұл үшін әлі де бірнеше ай уақыт сараптаудан өтуі керек. АҚШ және өзге елдердің бірқатар вакцина өндіруші алыптары толассыз зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, солай да олардан жағымды жаңалық жоқ.
Дәрілерді ауруларға сынап көру сәуір айының бас шенінде басталмақ. Оның өнімділігі одан кейін тағы бірнеше ай сыналатын болады. Демек, бұл дертті толық тізгіндейтін вакцинаның дайын болуына әлі де көп уақыттың бар екенін көрсетеді. Хабарларға сенсек, зерттеу нәтижелері жыл соңында белгілі болуы мүмкін.
Қазірге дейін вирус жұқтырған науқастарды емдеу шараларына арналған препараттар тек вирустың салдарымен ғана күресіп жатқаны белгілі. Жаңа коронавирустың белгілері бұған дейін де белгілі болған қауіпті коронавируспен қатты парықты болмайтыны да оған қарсы тұру шараларына қиындық туғызуда. Тіпті, жаңа вирустың белгілері сасық тымау мен кәдімгі тымаудан көп парықты бола бермейді. Тек, уақыт өте келе салмағы анық болады.
Ауру ошағы және ең көп қаза болғандар тіркелген Қытайда жаңа дәрі-дәрмектермен қоса Қытайдың дәстүрлі емшілігі де қатар қолданылып жатыр. Сол елдің Ғылым-білім министрлігі вирусқа қарсы дәстүрлі емшілікті қолдануға рұқсат берген. Елдің ақпарат құралдарында дәстүрлі емшілік арқылы да ауруды емдеп жатқан жағдайлардың бар екенін жазуда.