Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Конституциялық Кеңеске не үшін өтініш жасағанын түсіндірді.
«Бұл әдеттегі мемлекеттік мәселе. 1995 жылы Ата Заң қабылданғалы бері Конституциялық Кеңеске 220 өтініш жасалды. Оның ішінде 22 менің президенттік өтінішім бар. Заңда олқылықтар болады, бұл қалыпты жағдай. Конституциялық Кеңес арнайы құрылған. Заң Конституциялық Кеңеске Ата Заңдағы мәселелерді талқылауға құқық береді. Бұл жөнінде шулаудың қажеті жоқ. Әрине, барлығын бұл президент сайлауы ма, билік транзиті ме? деген сұрақтар қызықтырады. Конституцияны оқыңыздар. Президент туралы заңды оқыңыздар. Сонда барлығы нақты жазылған. Иә, Конституция бойынша, президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізу құқығы бар. Бірақ бізге бұның қажеті жоқ. Барлығымыз сабыр сақтап, тыныш жұмыс істейік» - деп мәлімдеді Назарбаев.
Естеріңізге салайық, кеше БАҚ беттерінде президенттің Конституциялық Кеңеске Ата Заңдағы 42 баптың 3-тармағына түсініктеме беруді сұрап, өтініш жолдағандығы жөнінде ақпарат тараған. Осыдан кейін журналистер мен сарапшылар «Ақорда кезектен тыс президент сайлауын өткізуге дайындалып жатыр» деген болжамдар айта бастаған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?