«Талибан» 28 қыркүйек сейсебі күні мәлімдеме жасап, Ауғанстанды басқару үшін «шариғат заңына қайшы келмейтін» 1964 жылғы Ауғанстан Конституциясын уақытша жариялауды жоспарлап отырғандарын айтты. Тәліптер бұл монорхиялық конституцияны алдымен сол елдегі Қытай елшісіне таныстырған.
Ресми мәлімдемеде «Талибан» құрған үкіметтің әділет министрі қызметін атқарып тұрған Абдул Хаким Шараи Кабулдағы Қытай елшісімен аталмыш конституцияны жариялау туралы жоспарды талқылаған. Шараи сөзінде: «Ислам Әмірлігі өтпелі кезеңде бұрынғы Мұхаммед Захир Шахтың конституциясын жүзеге асырады, бірақ еш нәрсе исламдық шариғат заңдары мен Ислам Әмірлігінің қағидаларына қайшы келмейді», – деген.
Бұған қоса ол «ислам шариғаты мен Ислам Әмірлігінің қағидаларына қайшы келмейтін» халықаралық заңдардың да сақталатынын айтқан. Дегенмен, тәліптердің қазіргі әділет министрі ауғанстандық әйелдерге дауыс беру құқығын беру немесе олардың саясатқа араласуына мүмкіндігін кеңейтуге қатысты заң-ережелер жайында ауыз ашпаған.
Еске сала кетейік, бұрынғы Ауғанстанның шахы Мұхаммед Захир Шахтың 1964 жылы қабылдаған конституциясы Ауғанстанды сырттан көмексіз, белгілі деңгейде демократиялы күйде 10 жылдан аса басқарып тұрған. Бұл кезде Ауғанстанда парламенттік түзімде біртіндеп аяққа тұрып келе жатқан. Алайда, 1973 жылы шахтың немере ағасы Мұхаммед Дауд басталған бейбіт қозғалыстан кейін аударылып тасталған еді.
«Талибан» бұлса тамыз айында Ауғанстан билігін басып алғаннан кейін, 1996-2001 жылдағы қатаң исламдық шарттарды жұмсартып, барынша төзімді әрі ыңғайлы түзімді құруға уәде берген болатын. Тәліптердің құрған уақытша үкіметіне бірде бір ауғанстандық әйелдің қатыспауы көптеген елдің сынына қалған, кейін тәліптер үкімет құрамына әйелдерді де қабылдау туралы уәдесін берді, дегенмен оның қай деңгейде орындалатыны туралы таласты пікірлер көп.