Тоқаев Назарбаевты Азия елдерінің басын қосатын CICA (қазақша АЭСШК) ұйымның Даналар кеңесінің төрағасы қызметіне ұсынды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Даналар кеңесін басқаруы мүмкін. Оның кандидатурасын қазіргі президент Тоқаев астанада өтіп жатқан АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің VI отырысында ұсынды.
АӨСШК жаңғыртуды жалғастыру мақсатында Қазақстан былтыр қолға алған төрағалығын 2024 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс жасады.
Даналар кеңесі өзара қарым-қатынастағы сенімді нығайтудың түрлі шараларын іске асыруға бағытталған ұсыным әзірлеу үшін құрылған.
АӨСШК – өңірдегі мәселелерді талқылауға және шынайы ынтымақтастықты дамытуға арналған Жалпыазиялық диалог алаңы. Өзара іс-қимылдың бес негізгі бағыты ретінде экономикалық, әскери-саяси, гуманитарлық және экологиялық өлшем, сондай-ақ жаңа сын-қатерлер саласы айқындалған.
Осыған дейін Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің негізін қалаушы. Ол бұл идеяны 1992 жылғы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған еді. АӨСШК бірінші саммиті 2002 жылы өтті. Қазір бұл ұйымға БАӘ, Ресей, Шриланка, Вьетнам, Түркия, Изариль, Корея Республикасы қатарлы 26 мемлекет мүше. 5 қазан АӨСШК күні ретінде бекітілген.
Бұдан алдыңғы Душанбеде (Тәжікстан) өткен V саммитте «АӨСШК-тің қауіпсіз және өркендеген аймағының жалпы көрінісі» декларациясы қабылданған. Құжатта ұйымның негізін қалаушы ретінде Назарбаевтың ерекше рөлі мен қосқан үлесі аталып, құрмет көрсетілген еді. Енді «Даналар кеңесінің» басшысы атанбақ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел