Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы шешімі біршама түйткілді мәселелерге әкеп соқты. Мемлекеттік құрылымы мен діні өзге Солтүстік Ирландия және Ирландия арасындағы шекара мәселесі соның дәлелі.
XX ғасырдың екінші жартысында Ирландия аралында ірі эскалациялық жағдайлар орын алды. Қақтығыстардың бір бөлігінде Ирланд республикалық армиясының британиялық басқаруды тоқтату мен Ирландияның бірігуін сақтау мақсатында күресі, ал екінші бөлігінде Ұлыбритания қарулы күштері мен лоялистер болды. Осы кезеңде мемлекет қаржылық дағдарысқа ұшырап, халық жағдайы нашарлады. Ел ішінде террорлық әрекеттер, зорлық-зомбылық артты. Телеарналардың бірыңғай үгіт-насихаттық бағытта қызмет етуі, жанжалдың одан сайын нашарлауына әкеп соқты. Шиеленіскен жағдайларды реттеу мақсатында 1998 жылы Белфаст келісімі жүзеге асты. Нәтижесінде екі ел арасындағы үздіксіз соғыс тоқтатылып, біиімгершілік шарт жасалды. Бірақ протестанттар мен католиктер арасындағы дінаралық байланыс әлі күнге дейін ушығып келеді.
Бүгінде Brexit шешімі тек Біріккен Корольдікке ғана емес, өзге де мемлекеттерге салқынын тигізуде. Оның қатарында Белфаст келісімі де бар. Осы ретте Ирландия премьер-министрі Лео Варадкард: «Лондонның одақ құрамынан шыу туралы шешімі ирланд халқы мен ағылшындар арасында қайшылық туғызады. Бірақ біз осыны сәтті пайдаланып, Ирландияны біріктіру мәселесін қарастырмақпыз. Ол үшін алдымен шекарадағы жағдайларды ретке келтіруіміз керек. Ирландия – еш мәмілесіз «саяси сценарийден» құтылғысы келетін ел. Яғни біз дау тудырмай шекара мәселесін ретке келтіруіміз қажет. Осы мақсатта дайындалып жатырмыз.», – дейді. Ал Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер: «Бұл мәміле, әрине, үш элементті қамтиды. Сондықтан Ұлыбританияның өтпелі кезеңнен кететініне қатысты келісімдер Ирландия аралында қатаң шекара болмайтынына кепілдік беруі қажет. Келісім жай ғана көз жұмып қарайтын дүние емес, бұл – жаңа қарым-қатынастардың келешегін баяндайтын бірлескен саяси декларация» – екендігін айтты.
Былтыр Британия премьер-министрі Тереза Мэй Корольдік құрамындағы Солтүстік Ирландия мен Еуроодаққа кіретін Ирландия арасындағы шекара ашық болуы керек деген болатын. Бірақ, ресми Брюссель мұның жүзеге аспайтынын айтқан. Себебі Британия одақтан шыққаннан кейін де оның құрамындағы елмен арадағы шекара ашық болмайды.
Өткен аптада осы тақырыптарды талқылау үшін Brexit бойынша Еуроодақ құрамындағы 27 елдің елшілері кезектен тыс бас қосу өткізді. Кездесу барысында шекара режимін құру мәселесі талқыланды. Тараптар Біріккен Корльдік Еуроодақ құрамынан шыққан жағдайда, екі ел арасындағы шекара тауар айналымы мен өзге де тасымал түрлеріне ыңғайлы болуы тиіс деген талап қойды. Қос ирланд қарым-қатынасы бір ізге түспейінше, миграциялық мәселеллер, экономикалық байланыс, көлік, тауар тасымалы тұралап қалады. Кездесу соңында Brexit-тің келесі самитті қазан айының 17 күні өтеді деп шешілді. Ал шекара мәселесіне қатысты Еуроодақ басшылары мен Ұлыбритания нақты шешім шығарған жоқ.