Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген жаңа түрі Нидерланд, Дания және Австралияда да тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
Осы мәселеге байланысты Бельгияда Еуропалық одақтың шұғыл жиналысы өтеді. Мәліметтер бойынша, вирустың жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайды. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді. Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уитти Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ескерту жібергенін және шұғыл зерттеу жасалып жатқанын жеткізді. Вирустың басқа мутациясының табылғанын Оңтүстік Африка Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі де хабарлады. Оның да таралу қарқыны жоғары.
20-дан астам мемлекет Ұлыбританиямен әуе байланысын уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Канада, Еуропаныңбірөатар елдері және Латын Америкасы бар. Сонымен қатар Франция барыс-келістің барлық түріне, ал Бельгия Ұлыбританиямен теміржол қатынасына тыйым салды. Бұдан бөлек, Нидерланд су жолын жабатынын ескертті.
Осы аптада Ұлыбритания Англияның оңтүстік-батысы мен Лондонда төртінші деңгейлі локдаун енгізген. Қатаңдатылған карантин кезінде Рождество мерекесіне байланысты қоғамдық іс-шараларға рұқсат жоқ. Мейрамханалар мен дәмханалар ашылмайды. Тұрғындарға үйден себепсіз шығуға тыйым салынған. Бірнеше отбасының Рождествоны бірлесіп мерекелеуіне де болмайды. Шектеу кемі 2 аптаға созылады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді