Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақтан сауда келісімінсіз шығуы Британия денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарыстың шиеленісуіне әкелуі мүмкін.
The Times газеті жариялаған Британдық Денсаулық сақтау саласы басшыларының хатында, ұжымдық үндеуде «ЕО-мен ортақ мәміленің болмауы – Ұлыбритания мен Еуропадағы пациенттердің денсаулығына қауіп төндіреді. Дәрі-дәрмек жетіспеушілігі, сондай-ақ коронавирусқа тест жүргізу мүмкіндігінің төмендеуі ықимал», – делінген.
Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау конфедерациясының атқарушы директоры Найл Диксонның айтуынша, тараптардың бір келісімге келуіне 3 аптадай уақыт бар. Егер мәміле жүзеге аспаса, Британияда коронавирустың екінші толқыны халыққа да, экономикаға да ауыр соққы болу қаупі бар.
Британ үкіметі бұған дейін фармацевтикалық компанияларды Еуропалық Одақ елдерінен келетін дәрі-дәрмектер қорын жинақтауа шақырған. Brexit жағдайында коронавирусты тестілеу бағдарламасында қолданылатын компоненттер де бұзылуы мүмкін.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?