Грекия ескерту жасап, Түркия арандату, үркітіп-қорқыту әрекеттерін тоқтатпаса Еуропалық Одақтан санкция салуды талап ететінін мәлімдеді. Бұдан бұрын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Түркия бұрынғы Османалы империясы басып алған жерлерді қорғауға дайын" деген мағынадағы мәлімдеме жасаған еді. Ол сондай-ақ, Егей теңізінде жасаған әскери жаттығулары Грекияны шошытқанын мақтанышпен айтқан болатын.
Түрік президентінің мәлімдемесімен қатар Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар Грециядан Эгей теңізіндегі бірқатар аралдарға орналастырылған зымырандар мен әскери қондырғыларды жою туралы халықаралық келісімдерді сақтауды сұраған болатын.
Грекия Түркияның өтінішін қабылдамады. Грек сыртқы істер министрі Никос Дендиас мәлімдемесінде, Грекия Түркияның Еуропалық Одаққа кіру әрекетін көптен бері қолдап келе жатқанын, алайда Түркия өзінің «дұшпандық» әрекеттері мен «арандатушылық» ескертпелерін тоқтатпаса, ЕО-дан Анкараға қарсы санкция салуды талап ететінін айтқан.
Шығыс Жерорта теңізінде мұнай мен табиғи газды өндіру құқығы бойынша грек пен түрік арасында тарихи талас әлі де шешім таппай келеді. Бұл екі елдің қарым-қатынасын шиеленісте сақтап келеді. Түркия өзінің қуатты экономикасы мен қарулы күштеріне сүйеніп Грекияны қорқытқанымен Афина билігі ЕО санкциясы мен Анкараны қорқытып келеді.